ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

18:25, 22 тамыз 2017

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандырылған азаматтардың барлығы сақтандыру Қоры есебінен біршама жеңілдікке қол жеткізеді. Бұл қорға алғашқы аударым 1 шілдеден түсе бастады

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырылған әр азаматтың еңбек ақы қорының 1% көлеміндегі алғашқы аударымы 1 шілдеден басталды. Бұл жаңашылдық республика тұрғындарының әлеуметтік жағдайына, жасына, мекен-жайына, еңбек ақысына  қарамастан,  медициналық және дәрі-дәрмектік көмек алуға мүмкіндік береді. Медициналық сақтандыру – маңызды әлеуметтік шара.  Облыстық онкологиялық диспансердің емделушісі Галина Баймер бұл жобаны құптайды. Оның ойынша  адамдардың салауатты өмір салтын ұстануы маңызды. Еңбекпен  тапқан ақшаларын емге емес, денсаулықтарын жақсартуға  жұмсау қажет- дейді,  ол.  

Галина Баймер емделуші

- Мен онкодиспансерде ем қабылдап жатырмын. Медсақтандыру жайлы хабардармын. Біздің дәрігерлер де бұл туралы көп айтуда. Меніңше бұл өте қажет шара. Өйткені, сақтандыру арқылы әрбір емделушінің жағдайына оң әсерін берері  сөзсіз.

2019 жылы бір адамға мемлекет жылына 68 мың теңге жұмсайды деп жоспарлануда. Жұмыс беруші – қорға 25 мың, ал жұмыскердің өзі  медсақтандыруға  19 мың теңге аударады.

Райхан САЙРАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...