ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Мамандыққа адалдық, атауымен Қазақстанда «100 жаңа есімдер» жобасы жүзеге асырылуда

18:36, 17 шілде 2017

Атаулы тізімге өзінің ерен еңбегімен көзге түскен, сол арқылы жетістікке жеткен кез-келген қазақстандық қатыса алады. Солардың бірі және бірегейі - нейрохирург Ғабит Махамбаев. Білікті дәрігер жайлы тек қала тұрғындары ғана емес, барлық қазақстандықтар, қала берді алыс-жақындағы шетелдіктер де жақсы біледі. Дәрігердің адал да жауапты атқарған қызметі талай жанның өміріне араша түсуімен белгілі

Үш сағаттық ота жасау. Ер адамның басындағы ми  қатерлі ісігін алу. Дәрігер тілімен айтқанда «мұрын қуысындағы ісікті» алып, залалсыздандыру. Зақымданған жерге мұрын арқылы, ми қалташасына жету болып табылады. Нейрохирург Ғабит Махамбаев күніне осындай күрделі оталардың екеуін, кейде үшеуін жасайды. Одан кейін дәрігер аурулардың хал-жағдайын біліп, келушілерді қабылдауға да уақыт табады. Осындай жұмыс тәртібіне машықтанып, бой үйретіп алған. Ғабит Жанділдәұлының ақ халатты абзал жан атанғанына 20 жылдай уақыт болыпты. Ол демалыс немесе мереке күндерінде жұмыста өткізуді әдетке айналдырған. Адам жанының арашасысы Ғабит Махамбаев өз мамандығын сүйеді және оны мақтан етеді.  

Ғабит МАХАМБАЕВ ОМО-ның нейрохирургия және жүйке аурулары орталығының жетекшісі

Көп жұмыс істеу қажет. Сол арқылы өзінді дамытасын. Әрине, бұл туа біткен дарын. Егер ондай қабілет жоқ болса, дәрігер болудың өзі қиын. Әртүрлі мамандықтар бар, бірақ маған осы «нейрохирургтік» кәсібім қатты ұнайды.

Ғабит Махамбаев бастағы ми қыртысының бірнеше түріне ота жасайды. Мысалы: нейроонколгия,қан тамырлары аурулары мен қоса, бас жарақаты тағысын, тағылары. Ол әрдайым өз білімін жетілдіруде. Ресейдің, Германияның, Израильдің, Америка, Қытай мен Кореяның жетекші нейрохирургтарымен шеберлік сыныптарын өткізіп отырады. Білікті дәрігердің айтуынша, нейрохирургия саласы даму үстінде. Ота жасауда жаңа технологиялар еңгізіліп, жылдам әрі жарақатсыз тәсілдер қолданылады.

Ғабит МАХАМБАЕВ ОМО-ның нейрохирургия және жүйке аурулары орталығының жетекшісі

Әр жыл сайын, тіпті екі жылда бір рет емдеуде жаңа технологиялар еңгізіліп, емдеу нәтижесі жақсара түсуде.Ауруды анықтаумен зерттеуде қол жеткен нәтижелі табыстар бар. Бұл тұрғыда тиімді ұсыныстармен әлемдік емдеу тәсілі қолданыста.

Ғабит Махамбаев облыстық медицина орталығының нейрохирургия және жүйке аурулары орталығына басшылық жасайды. Оның қарамағында 15 адам бар. Талапты басшы болғанымен, мейрім шапағаты мол әріптес ретінде ұжымдағы беделі де зор. Ол жөнінде әріптестері тек жақсы пікір білдіреді.

Михаил МАЗУРЧАК облыстық денсаулық сақтау басқармасының невролог дәрігері

Ғабит Жанділдәұлы, өте жақсы мәдениеті жоғары адам, сонымен қоса ұтқыр ұйымдастырушы. Біз бірнеше жыл бойы бірге қызмет істейміз. Ол ерекше азамат, әріптес ретінде айтарым Алланың берген сыйы десем де болады. Үнемі сәтті оталар жасап, елдің алғысын арқалаған жан.

Нейрохирургия саласындағы ауру жиі кездесетін, дерттің бірі. Жыл сайын дәрігерлер 100-деген оталар жасайды. Облыстық медицина орталығына Қазақстанның түкпір-түкпірінен еміне дауа іздегендер көптеп келеді

Сейітқали ӘШІ

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...