ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Мағзұмовтарды кардиохирургтер әулеті екенін республикадан тысқары жерлерде біледі

15:24, 16 маусым 2017

Олар жүрекке мыңдаған ота жасап, қаншама адамның өмірін дерттен арашалап қалды. Тұрғындарды емдеу олардың үлкен жауапкершілігіне айналды. Медицина саласы қызметкерлерінің дәстүрлі мерекесі қарсаңыңда біздің түсіру тобымыз адал мамандық иелерінмен жолығып қайтқан еді

Арыстан Ғазизұлы, жүрек дәрігері болуды бала кезінен армандаған. Оның сол кездегі нық сенімі, үлкен сезімдерге жетеледі. Бұл мамандыққа көлденең көк аттының келе бермесі де белгілі. Ол әке жолын қуды. Атақты жүрек-қан тамырларының хирург дәрігерін республиадағы білікті дәрігер ретінде жақсы біледі.Бүгінгі күні Арыстан Мағзұмов республикаға танымал Қарағандыдағы жетекші кардио-орталықты басқарады. Емдеу орталығы заманауи диагностикалық емдеу қондырғыларымен толық жабдықталған. Балалар кардиохирургиялық бөлімшесінде тумасынан жүрек ауруына шалдыққан нәрестелерге жүрек-талма ауруына ота жасайды.

Арыстан МАҒЗҰМОВ Қарағанды кардио-орталығының директоры

Біз қолдан келгеннің бәрін жасағанмен, ешбір мүмкіндік болмайтын кездер де болады. Бірақ, адам өмірін сақтап қалу үшін аянбаймыз. Дәрігер тек науқасты емдеп қана қоюмен шектелмейді. Кең мағына беретін күрделі мамандық. Ең бірінші кезекте өзгенің өмірі үшін үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Арыстан Мағзұмовты жұмыс кабинетінде кезіктіру қиын. Оны палатадағы емделушілер қасынан немесе ота жасау блогынан жиі көруге болады. -Дәрігердің басты міндеті ұстамдылық, төзімділік пен әр нәрсеге көз жеткізіп барып, бағасын беру болып табылады- дейді ол. Емделуші кез-кеген науқастың сауығып кетуіне барынша жағдай жасауда ақ халатты абзал жандардың негізгі міндеті болса, керек деген де оның басты ұстанымы.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...