ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағандыда қымбат томограф қайта қалпына келтірілді

18:35, 9 маусым 2017

Теңдессіз аппараттың арқасында бар-жоғы екі аптаның ішінде 300 ем қабылдаушы тексерістен өткен. Денсаулықсақтау саласындағы тағы бір жағымды жаңалық. Алдағы уақытта облыстық онкологиялық диспансер жанынан жедел –жансақтау блогы пайда болады.Бұл бір жағынан қатерлі ісік ауруларын алдын-алуға мүмкіндік береді

Облыстық онкологиялық диспенсердің хирургия бөлімінде бауырға және ұйқы безі мен асқазанға  операция жасалады.Алдымен емхана жетекшісі аймақ басшысын медициналық мекеменің бірнеше бөлімдерін таныстырды.Сондай-ақ науқастарға көрсетілетін қызмет түрлерін  бірауыздан баяндап берді. Онкологиялық ауруға шалдыққан адамдар саны көбейіп келеді.Бір ғана біздің облыста қатерлі ісікпен ауыратындар қатары 19 мыңға жеткен. Жыл сайын қатерлі ісік диагнозын 3 жарым мың адамға қояды екен. Барлық науқасты бұл ауруханаға жатқызу мүмкін емес. Сондықтан дертіне ем іздеп келгендердің жартысын мына қонақ үй кешеніне жібереді. Екінші қабатта 20 орынға шақталған  күндізгі бөлімде емделетіндер бар. Күніне клиника 80 адамды қабылдайды екен. Ғимарат тарлығы мәселесін шешу мақастында онкологиялық диспансер аумағында жедел жансақтау бөлімнің құрылысы басталады деп жоспарланып отыр. Бұл барлық науқастарды емдеу мекемесімен қамтамасыз етуге жол ашады.

Ерлан ҚОШАНОВ облыс әкімі

Мен түйіткілді өз көзіммен көру үшін арнайы келдім. Ержан Шәкірұлы, бұл нысанға қомақты қаржы керек еді. Қайтсекте ретке келтіреміз.

Ерлан Қошанов ауруханаға келесі жылы бастағы ми ісігін емдейтін құрылғы алынады деп сөз берді. Сонымен қатар биыл ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жсопарланып отыр. Бұған 100 млн теңге қаржы бөлінбек.

Мұратбек ЖҰМАҚАЕВ облыстық онкологиялық диспансер директоры

Міне, көріп тұрсыз ба, мына жерде ота блогы орын тебеді. Сондай-ақ, жедел жан сақтау және дәріхананы қолданысқа енгіземіз. Оған зертхананы қосамыз.

Ерлан ҚОШАНОВ облыс әкімі

Онда біз мемлекеттік бюджетке өтініш білдіреміз. Биыл болмаса да, келесі жылы міндетті түрде іске кірісеміз.

Облыс әкімі Ерлан Қошанов №5 емханаға да барып, жұмыс барысымен танысты. Мұнда жуырда қымбат тұратын жаңа заманға сай томогроф алынған. Бұл мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасының аясында мүмкін болып отыр. Құрылғының құндылығы сондай 2 аптаның аралығында 300 науқасқа нақты диагоз қойылған. Ал Көгілдір тоған шағын ауданындағы №4 емханаға облыс әкімі еш ескертусіз барды.  Ерлан  Қошанов  мұндағы кезек күту мәселдесін көргісі келген. Алайда бұл уақытта тапжылған тұрғындармен ұзын сонар кезек аса байқалмады.  Тек зейнеткерлер бұл бағытқа баратын автобустар қатары көбейсе екен деген өтініш білдірді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар