ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 50 жыл бұрынғы түлектері кездесті

21:24, 15 маусым 2017

Жарты ғасыр бұрын білім ошағының табалдырығымен қоштасқан жастар, бүгінде ата-әжеге айналған

1967 жылы ҚММУ тәмамдаған түлектердің бірі Күлмаш Төлеубаева бүгінде қарт әже. Алты баланы дүниеге әкеліп, өмірін медицина саласына арнаған ол бірге оқыған қатарластарын көріп, бір марқайып қалды. Бүгінде ұлдары да аталмыш салада еңбек етуде. Өзі, білім алу жолында альпинис те болып үлгеріпті. 22-ден асқан шағында оқу орнымен қоштасқалы енді көріп отырған топтастарының көбін мүлдем танымай да қалды. 50 жылдан соңғы тамаша кездесуге келгендер көзге жас алып, жастық шақтарын күле еске алып жаттыКөбісі Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай қалаларынан келген. Барлығы да жарты ғасырдан бері медицина саласынан алшақтамай,  талай лауазымды қызметтерді атқарып жүрген жандар. Араларында, профессор, хирургпен арнайы медициналық орталықты жеке кәсіпке айналдырған мекеме басшылары да бар. Ардагер түлектерді оқу орны ректоры Раушан Досмағамбетова атаулы датамен құттықтап, білім ошағының жаңа ғасырдағы жаңғырған күйімен таныстырып өтті.

Раушан ДОСМАҒАМБЕТОВА   ҚММУ ректоры

Барлығыңызды шынайы құттықтаймын. Сіздер университеттің алғашқы түлектерінің бірі болып саналасыздар. Бүгінде оқу орны заманауи үлгіде қызме атқаруда. 1000-нан астам 13 елден келген шетелдік студенттерімізде бар. Мықты мықты оқытушлырамызда әрдайым жадымызда. Әрине, осындай басқосудың біз үшін маңызы зор.

Ардагер түлектердің шамамен 60-ы кездесу құрметіне ие болса, әлі қаншама топтастары келе алмаған. Алайда, мәңгілік ұмытылмайтын жастық шақтың қызық жылдарын бастан өткерген 1967 жылдың түлектері өзге де замандастарын бұдан кейін де тауып аламыз деп тарқасты.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар