ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек

12:20, 1 ақпан 2018

Сәбидің оң жақ көз қарашығында қатерлі ісік бар екендігі анықталған

Бүлдіршін қыз қазір Алматы қаласында ем дом алуда. Балаға ота жасау үшін қомақты қаражат керек. Айсана Бағлан Сағындықовтың тұңғышы. Мына фотоальбомнан Айсананың кішкентай кезіндегі суреттерін көруге болады. Сәби туылғанда денсаулығында кінәрат болмаған.  Оң жақ көзінің ішінде ісік бары тек 8 айында  белгілі болыпты. Ата-аналары қыздарын әр ай сайын дәрігердің тексерісіне апарып отырғанда бұл ауру байқалмаған.

Бағлан САҒЫНДЫҚОВ  Айсананың әкесі

7 айына дейін бала жақсы болды. Уақытымен туылды. Салмағы да жақсы болды. Ешқандай шағым болған жоқ. Дәрігердің қаралуынан өтіп тұрдық. Бірақ, 8 айында кенеттен көз жанарында бір қызыл белгі көрінді.

Айсана Бағланқызы қазір  Алматы қаласында  4-ші химия терапиялық ем алуда. Алайда нәрестенің толық жазылып кетуіне бұл әлі де жеткіліксіз. Егерде , уақытылы ота жасалмаса, екі көзден айырылып қалуы әбден мүмкін. Ал, нәрестенің қос жанарын аман сақтап қалу үшін, Мәскеудегі білікті мамандардың көмегі қажет. Ол үшін кем дегенде 7 миллиондай қаражат керек.

Жанна АСҚАРОВА  Айсананың туысы

Өте қиын, мұндай қаражат жинау. Жалпы, барлық халыққа өтініш жасағым келеді. Баламыз қоршаған ортаны өз көзімен көрсе дейміз.

Кішкентай 11 айлық сәбидің өміріне немқұрайлы қарамайтын, жаны жомарт жандар болса, экранда көрсетілген есепшоттарға ақшалай көмектесе аласыздар.

Осылайша, Айсананың ата –анасы әлеуметтік желі арқылы жаппай дүйім жұрттан көмек сұрауда. Дәл қазір қорға 1 млн 300 теңге ғана  жиналған.

Айдана ДАСТАН

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Аймақ бойынша,вирусты гепатит жұқтырғандар саны күн санап артып отыр
14:28, 30 қаңтар 2018
Аймақ бойынша,вирусты гепатит жұқтырғандар саны күн санап ар...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...