ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Емхана - ел игілігіне

16:50, 14 маусым 2017

Осакаров ауданына қарасты Молодежный кентіндегі медицинаналық мекеменің -тұрғындар елу жылдан бері игілігін көріп келеді. Қажет кезде Аурухана да дәрігерлер жедел операция да жасайды. Жабдықтары жиырма бірінші ғасырдың талабына сай келетін емхана жанындағы перзентхана бөлімі де жүкті әйелдердің қажетіне жарауда

Бұл аурухананың халыққа сапалы қызмет көрсеткеніне жарты ғасырдың жүзі болыпты. Білікті дәрігерілер де мыңдаған адамның дертіне дауа, жанына шипа беруден еш жалықпайды. Қайта тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді мамандығының басты міндеті санайды. Жарты ғасырдың ішінде емхана заман ағымынан қалысқан жоқ. Жаңа технологиялар және теңдессіз жабдықтармен толықты. Жұмаш Нұрмұханбетова осында  акушер-гинеколог болып жұмыс істейді.  Науқастардың ауруын  анықтап, диагнозын дәл қою оның күнделікті қызметіне айналған. Қарағанды мемлекеттік медицина университетін тәмәмдаған соң, ол алғашқы еңбек жолын Молодежный кентіннен бастауды жөн көрген.

Жұмаш НҰРМҰХАНБЕТОВА акушер-гинеколог

Біздің акушерлік орталықта күтпеген жәйттар жиі болады. Бір оқиға әлі есімде. Көп қан кеткен әйелді әкелген еді. Сол кісіні ден емдеп шығардық. Бізде жедел көмек көрсету дайындығы өте жоғары.  Ота жасап, ақыры сәбиді құтқарып қалдық.

Елді-мекен республикалық маңызы бар күре жолдың жанынан орын тепкен. Тақтайдай тегіс асфальтпен   көліктер көп жүретіндіктен мұндағы жол апатының деңгейі жоғары.Сондықтан адам өмірін ажалдан арашалау үшін емханада жылдам ота жасалады.Бір сөзбен айтқанда, медициналық мекеме мамандары жұмысына жауапты, әр ісіне сауатты.

Василий БЕРЕЖНОЙ   кенттегі аурухана директорының орынбасары

Біздің дәрігерлер өз ісін бір кісідей біледі. Ал, медбикелерім тіптен әмбебап. Яғни, олар барлық бағытта қызмет атқаруға қабілетті деген сөз. Менің мамандарым жарақат алған жандарды дәкемен танып қана қоймай, кеселден құлан таза айықтырады.   

Сара Бетанатованың  жұмыс орнында аяқ астынан  көк еті ауырып, халы нашарлайды. Нәзікжанның дел-сал күйін көзбен көрген әріптестері дереу емханаға жеткізген. Науқасқа дәрігерлер  екі сағат бойы күрделі операция жасайды. Қазір емделуші өзін жақсы сезінеді. Жағдайы да қалыпты.

Сара БЕТАНАТОВА   емделуші

Мен хирургтарға, медбикелер мен санитарларға алғыс айтамын. Шын ниетімен қарап, барын салады. Қиналғанда қасымнан табылады.

Ауруханада ультра дыбысты зерттеу орталығы мен стационар және тұрғындарды тексеретін емхана  бар. Ақ қалатты абзал жандар күніне 80 адамға дейін  медициналық қызмет көрсетуге қауқарлы.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...