ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Емхана – ел еміне

17:42, 20 қыркүйек 2017

Қарағандыда жанұяларға сапалы медициналық қызмет көрсететін тағы бір орталық есігін айқара ашты. Енді Федоров елді-мекенінің тұрғындары дәрігердің қарауынан өту үшін Оңтүстік-шығыста орналасқан №3 емханаға барып еш әуре болмайды

Отбасылық орталықтың  ашылу сәтін әсіресе тұрғындар асыға күтті.№3 емханаға тиесілі медициналық мекеменің қарашаның қажетіне жарауына  қалалық және облыстық мәслихаттың депутаттары қолдау көрсетті. Медициналық мекеменің дәліздері тап-таза. Ал кабинеттері де жып-жылы. Емхананың заманауи сәулетін бұрынғы сиқымен салыстыруға мүлде келмейді.Жасыратыны жоқ.Ескі нысанға жөндеу жүргізілмегенге дейін мұнда науқастарға бірде-бір жағдай жасалмай келген еді. Артынша  қар жауды,із басылды. «Денсаулық сақтау саласын жаңғыру» бағдарламасы бойынша ем-дом көрсететін орталық жаңаша қалыпқа келтірілді.Жүйелі  жұмыстарға 40 миллион теңге жұмсалған.

Ақгүл ТҮЗЕУОВА №3 емхананың бас медбикесі

Біріншіден Федоров тұрғындарына қол жетімді. Құрал-жабдықтар қазіргі заманға сай. Сонымен қоса дәрігерге дейін кабинеттер жұмыс істейді.

Өз кезегінде Қарағанды қаласы мәслихатының депутаты және №3 емхананың директоры Сәния Боранқұлова да бітер іске бас болған.Халықтың қалаулысы,ақ халатты абзал жандардың  ең аяулысы салмақты сауалды билікке ұсынып, қаперінде ұстаған

Сәния Боранқұлова №3 емхананың директоры

Жалпы медицина саласының дәрігерлері мен учаскелік қызмет қалтықсыз жәрдемеседі.Стоматология кабинетінде тісі қақсаған қарашаның қажетіне жаратпақпыз. Әлеуметтік дәріханалар арқылы берілетін тиісті дәрілерді  Федоров тұрғындарыосы бөлімнен алады.

Жалпы емхананың есебіне 76 мың адам тіркелген. Олардың арасында тоғыз мыңы Федоров ықшам ауданында тұрады.Демек  ақ желең иелерінен тексерілуге  жергілікті тұрғындар Оңтүстік –шығыс шағын ауданына  баруға  міндетті емес.

Светлана АЛЕХНА көп балалы ана

Сізге өтірік маған шын.Шіріген едендер мен суық бөлмелерді көзіміз көрді. Он екіде бір нұсқасы жоқ кабинеттерде жөргектегі сәбиіммен қалтырап ем қабылдаған кезім әлі есімде.Міне оның бәрі көрген түстей өте шықты.Айнадай жарқыраған ғимаратта емін-еркін дәрігерден кеңес алған қандай ғәнибет десеңізші.

№4 отбасылық орталықта 30-дан астам медицина маманы халықтың сауабын алып, сапалы қызмет көрсетеді. Сонымен қатар емханада  әлеуметтік дәріхана мен қаралатын  физио-кабинеттер  бар.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ 

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...