ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Дәрігерлер «Қазақстанда инсульт жасарып келеді» деп дабыл қағуда

11:49, 5 қыркүйек 2017

Жыл сайын елімізде 50 мыңға жуық науқас тіркеледі екен. Ол келеңсіз жағдайлардың жартысы адамды мүгедектікке әкеп соғады. Қарағанды да мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында нейро оңалту орталығы ашылып, аурудың алдын алуда

Қарағандыдағы нейро оңалту орталығы - аймақ бойынша ғана емес, республикалық деңгейде жүйке ауруларын емдейтін бірегей орынға айналған. Ашылғанына көп уақыт өте қоймаған орталыққа келушілер қарасы көп. Әсіресе, инсульт, бас сүйек ми зақымы мен омыртқасына операция жасатқандар.  Олар одан кейіңгі оңалту кезеңін осы жерде өткізеді. Қазір, емдеу мекемесіндегі төсек орындары үш есеге артып, тағы да қосымша 68 науқасты қабылдауға мүмкіндік бар.

Елена ЛИ, Нейро оңалту орталығының басқарушы директоры

Неврологиялық бөлімінде стационарлық ем алған науқастар тұрғылықты жері бойынша ауруханаға барып, учаскелік дәрігер немесе невропотолог порталға тіркеледі. Біз өз тарапымыздан тіркелген науқастарға ақысыз қызмет көрсетеміз. Яғни, бізге келген барлық адамдар бірдей ем қабылдайды.

Заманауи медициналық құралдармен жабдықталған орталық - емдік денешынықтыру , мануалды емдеу, физиотерапия, интерфлексті терапия, тоқпен емдеу, массаж және тағы да басқа емдік тәсілдерін ұсынады. Сонымен қоса, бұлшық еттеріне, қимылдау, сөйлеу, жұтқыншақ жүйелері зақымданғандар да көп келеді. 

Бақыт ЖАҚСЫБЕКОВА; Балқаш қаласының тұрғыны

Инсульт болып бір қол бір аяғымнан, содан түстім осы жерге, аяқ қол жұмыс істей бастады, бақайларымда  мүлдем жан жоқ болатын, екі үш болды жан пайда болды, соған қуанып жатырмын. Барлық емдер уақытында, дәрігерлер жақсы қарайды, ауырғаныңды ұмытып қаласың бұл жақта.

Тек биылдың өзінде Қарағанды облысы бойынша 2000-ға жуық адам инсультке шалдыққан. Осы уақыт аралығында нейро оңалту орталығы 300-ге жуық науқасты аяғынан тұрғызған.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...