«АураМед»деп аталатын медициналық мекеме аурухананың базасында жұмыс істейді.Балғындардың жанына шипа, дертіне дауа беретін әлеуметтік нысан мемлекеттік және жекеменшік серіктестік бағдарламасы аясында ашылады
Жаңа нейрооңалту орталығы 49 орынға шақталған.Желтоқсан айынан бастап физиотерапия, емдік денешынықтыру кабинеттерімен қатар орталық жүйке жүйесі және тірек-қозғалу аппараты бұзылған балалар үшін терапия бөлімі қызмет көрсетеді. Енді мұнда Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал, Арқалық қалалары мен Жәйрем кенттерінен келген балаларға ем-дом көрсетіледі деп жоспарлануда. Тағы бір жағымды жаңалық.Келер жылы Жезқазған шахарында ересектерге арналған нейрооңалту орталығы есігін айқара ашады. Бұл жобамен облыс әкімі жете танысты. Ерлан Қошанов денсаулық сақтау басқармасының басшысына осындай тәжірибені басқада аудандарға енгізу туралы ұсыныс жасады. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасының шеңберінде орталық ауруханада диагностикалық медикал орталығы елдің игілігіне берілген болатын.Ағымдағы жылы медициналық мекемеге магниттік резонанстық томография апараты қойылыпты.Бұдан бөлек қаланың барлық мектептеріндегі медициналық кабинеттер қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.Айта кету керек Жезқазған қаласының 3 жылдық даму жоспарында денсаулық сақтау саласына жалпы сомасы 875 миллион теңгені құрайтын 6 жоба қарастырылған.
Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ