Аллергологиялық орталық та мемлекеттік жеке-серіктестік аясында бой көтермек. Медицина саласында атқарылатын өзге де жаңалықтарды бүгін аймақтық орталық коммуникациялар қызметінің алаңында денсаулық сақтау бақармасының басшысы журналистерге баяндап берді
Биыл өңірімізде медицина саласын дамыту үшін 66,3 млрд теңге қаржы бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 пайызға көп. Осы қаражат есебінен 22 нысан күрделі жөндеуден өткізіледі. 2,6 млрд. теңгеге заманауи медициналық құрал-жабдықтар салып алу көзделген. Емханаларға 36 реанимобиль алынады. Осындай жағдайдың жасалуы және дәрігерлердің тынымсыз еңбегінің нәтижесінде бінеше аурулардың көрсеткіші азайған.
Ержан НҰРЛЫБАЕВ облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
2016 жылдың қорытындысы бойынша, балалардың өлімі 6,9 пайызға, қан айналымының дұрыс жұмыс жасамауынан қаза тапқандар 17 пайызға, туберкулезбен ауырғандардың саны 15 пайызға, ал, осы аурудан қаза тапқандар 17 пайызға азайған.
Осы жылы облысымызда мемлекеттік жеке серіктестік аясында 2,5 млрд.теңге инвестиция тарту көзделген. Нәтижесінде бірнеше емдеу орталықтары ашылмақ. Соныңк бірі жақында, «Луч» нейрооңалту орталығы пайдалануға берілген болатын. Емделушілерге медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жағдаят орталығы, ақпараттық кеңес беру сайты іске қосылады.
Ержан НҰРЛЫБАЕВ облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Облыс орталығынан шалғай жатқан елді мекендердің дәрігерлері науқастарына диагноз қоюға қиналған жағдайда, ауру бойынша жазбасын еңгізеді. Керекті дәрігерді таңдап, науқастары жайлы мамандармен кеңесулеріне мүмкіндік бар.
Бүгінде облысымзда дәрігерлер тапшы. Мәселені шешудеміз дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы. Мәселен, биыл 35 маман қатарға қосылған. Алдағы уақытта Шахтинск, Саран, Балқаш қалаларында ақ халатты жандарды баспанамен қамтамсыз ету қолға алынған. БАҚ өкілдері дәрігерлердің санат алуда сарсаңға түсеміз деген шағымдарын жеткізді.
Ержан НҰРЛЫБАЕВ облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Қандай жағдай болмасын санат алуда, емтихан тапсыруда бұл тәртіп сақталады. Санат алу бойынша дәрігерлерге лицензия беру немесе бұрыңғы жүйенің сақталуы қарастырылып жатыр. Дәрігерлердің қолында адам өмірі болғандықтан, біз кәсіби деңгейді қаматамасыз етуміз қажет.
Брифинг барысында міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі, онкология ауруларына шалдыққандарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, ауылдарда орналасқан амбулатория мамандарына жағдай жасау мәселелері көтерілді.
Асылбек ТОЙБЕК