ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Астаналық дәрігерлер ауылдық жерлердің халқына көмек көрсетуде

12:45, 2 тамыз 2017

Жақында медициналық экспедиция Қарқаралы ауданына келді. Жергілікті тұрғындарды еліміздің кардиологи, онколог, педиатр, ревматолог сияқты үздік дәрігерлері қарайтын болады. Қабылдау үш күн бойы жүргізіледі

 

Жергілікті халық ақ халатты абзал жандардың келуін бір ай бұрын білген. Дәрігерлерге жазылу алдын ала жүргізілгенімен, кезек күтушілер көп. Ол түсінікті де. Өйткені олар жергілікті жерлерде  тапшы маман иелеріне қаралу мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысады.Тұрғындарды  Ұлттық ғылыми медициналық орталығының 12 маманы қарайды.  Олардың есімдері халыққа жақсы таныс қазақстандық дәрігерлер, ғылым докторлары. Сондықтан мұндай мүмкіндікті ауылдықтар қалт жібермеді. Екінші топтағы мүгедек Қарлығаш  та бүгін елміздің үздік дәрігерлеріне көрінуге мүмкіндік алды.

Қарлығаш  САДЫҚ Қарқаралы қаласының тұрғыны

- Бұл игі шара  біз үшін үлкен көмек. Ұзын сонар кезекте тұрмыз бәріміз мамандарға қаралғымыз келеді. 22 жыл болды ауырып келем. Дәрігер кейбір дәрі-дәрмекті ішпе дейді,  бірақ оны басқалармен ауыстыруға болады екен.

Қабылдау соны үлгідегі техникалардың көмегін жүргізіледі. Мамандар  қондырғылардың көбін  өздерімен бірге әкелсе, қалғанын жергілікті әріптестерінен алған. Ал ауданға келе алмаған дәрігерлер науқастарға онлайн режимінде кеңес берді. Үзіліс кезінде астаналық дәрігерлер қарқаралық әріптестерін оқытып үлгеруде. Лекция, шеберлік сыныптарын жүргізіп, сертификаттар табыстауда. Айта кету керек, игі шараны ұйымдастырған  «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы. Бұл аудандағы орталық, ең үлкен емхана. Үш күн бойы келушілердің барлығына тегін көмек көрсетіледі. Қазір медициналық экспедиция ары қарай қай жерге баруды ойластыруда.

Райхан САЙРАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар