ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Аймақ бойынша,вирусты гепатит жұқтырғандар саны күн санап артып отыр

14:28, 30 қаңтар 2018

Соңғы үш күн ішінде ол 17 –ге жеткен. Бүгінгі күні 43 науқас қаламыздың жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр.Бұл турасында санитарлық дәрігерлер өткізген арнайы брифингте мәлім болды

Науқастармен тұрмыстық қарым-қатынаста болған 220 адам белгілі болды. Дерттің белгісі білінген соң, 35 күннің ішінде анықталғандықтан, мамандар олардың қандарына  әлі де сараптама  жасайтындықтарын айтады. Ауру шыққан 14 мектепке шектеу қойылып, оқушылар кабинеттік жүйеде  жеке білім алуға көшкен. Алайда, бұл қолға алынған оқшаулау шараларына қарамастан дәрігерлер науқастардың саны артуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Сондықтан, оған дейін туылған балалар да дертті жұқтыру қаупі жоғары,-дейді мамандар.

Гүлжан БАЙҒҰТАНОВА қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары

Бүгінгі күні 43 науқас ем алып жатыр.Оның 31-і оқушы. Бұл көрсеткіш күн сайын өзгеруде. Өйткені,қанның химиялық талдауы бүгін вирусты көрсетпесе, ерең көрсетуі мүмкін. Сондықтан, науқастармен қарым-қатынаста болған балалар медицина қызметкерлерінің бақылауына алынып, тексеріліп отыруы тиіс.

Қазір ем алып жатқандардың барлығы екпе алмаған жеткіншектер- дейді мамандар. Сондай-ақ, санитарлық дәрігерлер білім беру мекемелерінің асханаларындағы көкөніс пен жеміс-жидектерден 27 сынама алып,тексерген.Тексеріс нәтижесінде,3-нен гепатит вирусы анықталған. Жұқпалы талшықтар қызылша мен шомырдан шыққан.

Юрий ЗАЛЫГИН облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары

Қаладағы «Шығыс» базары мен ірі супермаркеттерді тексеріп, нақты талдау жасап, қорытынды шығару керек. Ол үшін біз прокуратурадан рұқсат сұрап арнайы хат жолдадық. Жауабын күтіп отырмыз.

Гепатит ауруынын алдын алу үшін баршамыз болып күресуіміз қажет. Өйткені, ол жұқпалы іңдеттің біріне жатады.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...