ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

АБАЙЛАҢЫЗ, ВИРУС!

13:41, 1 ақпан 2019

Тұмау мен вирусты аурулардан сақтанайық. Облысымыздағы қысқы мезгілдің жылы болуы да бұл жағдайдың арта түсуіне әсер етеді дейді мамандар. Алдағы күндерге синоптиктер қандай болжам жасауда?

Дәрігерлер, вирустық инфекциялардың пайда болуы ақпан айының соңында етек алып, наурыз айының ортасына дейін жалғасатынын мәлімдеді.  Дегенмен, ауруға шалдығушылар саны өткен жылғы көрсеткіштерден аспайды деп отыр.  Бүгінде эпидемиологиялық жағдайды басқа елдермен салыстырар болсақ, елдегі ахуал әлдеқайда тұрақты көрінеді.

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА,  қоғамдық денсаулық қызметінің басшысы:

-Қазір Грузияда тұмауға шалыдығушылар саны артуда. Ол елде балабақшалар мен мектептер карантинге жабылды. Күн сайын Грузиядан   ұшақпен 12 рейс арқылы адамдар келеді. Бұл жағдай бізді де алаңдатпай қоймады.

Өткен жылдармен салыстырғанда тұмауға қарсы екпе жасатқан адамдардың саны айтарлықтай артқан. Қаңтар айының ортасы аяз қысымы небәрі минус 2 градусты көрсетті. Ауа райының жылы болуы да халықтың денсаулығы нашарлауына өзіндік әсерін тигізген.

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА,  қоғамдық денсаулық қызметінің басшысы:

-Ауа райы жағдайлары айтарлықтай әсер етеді. Бірақ, салыстырмалы түрде қарастырсақ, көрсеткіш өткен жылдан 16 пайызға кем. Сақтық шараларын күшейтсек, тұрақты түрде қысқы маусымды аяқтайтын боламыз.

Облыс синоптиктері өңіріміздеге ауа райының түрлі жағдайда өзгеріске ұшырайтынын 10 жыл бойы байқап келген. Ағымдағы жылдың қаңтар айы шынымен де қалыпты, тұрақты температурада өтті.  Ал, «Ақпан, наурыз айлары үшін нақты болжам айту әзірге ерте»,- дейді мамандар. Тіпті, алдағы күндері температуа  40 градуске дейін төмендемек.    

Анастасия ГРЯЗНОВА,  инженер:

-Ақпанның алғашқы он күндігі суық болады. Кейбір аумақтар  тіпті минус 40 градусқа  түседі. Бұл жайттың да жағдайға өзіндік әсері бары анық.

Дәрігерлер өткен жылы екпе көмегімен А гепатитінің етек жаюына жол бермеген. Биылғы жылы елімізде қызылшаға ұшырау жайы тіркелсе, аймағымызда  13 адам ауырған көрінеді.  Олардың ішінде көбіне балалардың екпе жасатпағаны белгілі болып отыр.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...
Аймақ бойынша,вирусты гепатит жұқтырғандар саны күн санап артып отыр
14:28, 30 қаңтар 2018
Аймақ бойынша,вирусты гепатит жұқтырғандар саны күн санап ар...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...