ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

18 маусым күні еліміздің дәрігерлері төл мерекелерін атап өтеді

20:41, 15 маусым 2017

Атаулы датаға орай Қарағанды облысының 100-ге жуық ақ халаттылары түрлі марапатқа ие болды. Денсаулық сақтау саласында елеулі еңбек еткендері үшін алғыс хаттар мен төсбелгілер табысталды

Бұл адам өмірі үшін күресіп,  Гипократқа берген антына адал жандар. Залда отырған әр дәрігер үшін атақ пен даңқ маңызды емес. Бастысы науқастың  тәні мен жанын емдеу. Күндіз демей, түн демей, мереке той-думан демей қылған қалтқысыз қызметтері үшін облыстың бас дәрігері әріптестеріне алғыс білдірді.  

Ержан НҰРЛЫБАЕВ облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі

Әр күн сайын адамдарға денсаулық, өмір сыйлап, жандарын аман алып қалады. Сондықтан, біздің әріптестеріміздің бөлісері көп.

Татьяна Сахновская Теміртау қаласының №1– ші емхана директорының орынбасары әрі  ультрадыбыс диагностикасының дәрігері. Өз ісін жетік меңгергені соншалықты бірнеше секунд ішінде науқасқа дәл  диагноз қоя алады. 30 жылдан аса еңбек өтілі бар  маман адам саулығы үшін еңбек етіп қана  қоймай, қаладағы барлық кәсіподақ ұйымдарында мүшелік етеді.  

Татьяна САХНОВСКАЯ Теміртау қаласы № 1 емханасы директорының орынбасары

Ең әуелі өз кәсібімде қалуға рұқсат еткен кәсіподақ ұйымына алғысымды білдіргім келеді. Таңдау жасауыма тура келген жоқ. Кәсіподақ комитетінің төрайымы қызметін ұсынғанда мен соңына дейін екіойлы болдым. Себебі, мен ең әуелі өз жұмысын, пациенттерін сүйетін дәрігермін. Және мен маған рұқсат етпейді деп қорықтым. 

Татьяна Сахновская үшін емхана  екінші үйі. Жұмыс кестесі  минутына идейін жазулы. Ал, қабырғада ілулі тұрған мына марапаттар мен алғыс хаттар оның осы салаға қосқан зор үлесін көрсетеді. Бүгінгі шарада  өз ісінің үздігі ретінде Денсаулық Сақтау министрлігі ұсынған төсбелгіге ие болды. Бұл  жылдар бойы төгілген маңдай терімнің жемісі,-дейді ол. Қарағанды облысының  денсаулық сақтау саласы  республика көлемінде  жетістігі мол өңір қатарында. Бүгінде аймақта 70 мемлекеттік медециналық мекемеде  17 мың маман жұмыс істейді. Соның 100-ге жуығының   бүгінгі мерекелік шарада мерейі үстем болды.  70 – ке жуық өз ісінің майталмандары денсаулық сақтау саласына сіңірген адал қызметі үшін мақтау қағаздарына ие болса, 15  адамға кәсіподақ ұйымының алғыс хаты табысталды.

Александра МАДИЯРОВА Қазақстан кәсіподақ ұйымының ҚОФ төрайымы

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің мейрамы алдымызда. Сондықтан, жыл сайын біз осы кезде осылай жиналып, облздравпен бірге, кәсіподақтар өзіміз дәрігерлерімізді, жұмыскерлерімізді марапаттаймыз.

Ал бірнеше жылдық гипрокаттық антына адал жандар ҚР денсаулық сақтау министрлігінің төсбелгісіне ие болды.  

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
14:21, 27 ақпан 2018
Қарағанды облысында түберкулездің алдын алу айлығы басталды
Толығырақ...
Қарағанды қаласының  кішкентай тұрғыны  11 айлық Айсана Бейбітоваға шұғыл түрде көмек керек
12:20, 1 ақпан 2018
Қарағанды қаласының кішкентай тұрғыны 11 айлық Айсана Бейб...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...