ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«ҚОҒАМ.ЖАСТАР.ТАРИХ»

12:09, 14 қаңтар 2019

Қарағандыда «Тарихи семинар» республикалық білім беру жобасы аясында тарих сабағы өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген жоғары оқу орнының студенттері мен оқушылар қатысып, архивтік құжаттармен жұмыс істеді.

Шараға жиналғандар алдымен облыстық архивтің музейімен танысып, құжаттармен жұмыс істеу әдістері туралы ақпарат алды. Мәселен, Алматы қаласынан келген  12 жасар Сузанна Мицих осы салаға қызығатынын айтады. Сондықтан да архивтің тыныс-тіршілігімен танысу үшін семинарға арнайы келген көрінеді.

Сузанна МИЦИХ, семинарға қатысушы /Алматы /:

-Бізде өзімізде шеберлік сабағы өткен болатын. Үш күн аралығында бізге мұғалімдер архивпен қалай жұмыс істеу керек, жалпы архив дегеніміз не сол туралы мол ақпарат берді. Маған өте қызық болды. Сондықтан да қазірден бастап осы саланы жан-жақты зерттегім келеді.

Ал, Шығыс Қазақстан облысынан  ат арылтып келген Алиса Грошева болса 1,5 жыл бұрын өз ата-бабасының тарихын зерттеуді бастаған. Оның арғы тамыры Ұлы Отан соғысы уақытында Қазақстанға жер аударылған. Жас зерттеуші бірқатар ақпараттарға қол жеткізу үшін архивтің көмегіне жүгінуге мәжбүр болғанын айтады.  Алайда, мұрағат құжаттарымен дұрыс жұмыс жасауды білмеген соң бұл қиындық туғызған көрінеді.

Алиса ГРОШЕВА, семинарға қатысушы /Шығыс Қазақстан/:

-Ұлы Отан соғысы кезінде ата-бабам Шығыс Қазақстан облысына жер аударылғанын ата-анамнан білдім. Кейіннен арғы атамды зерттегім келіп, көп іздендім.  Қазір осы бағытта жалғастырып ғылыми жұмыс жасап жатырмын. Сондықтан осындай экскурсия, семинарлардың пайдасы зор деп ойлаймын.

Шараға қатысушылар маңызды құжаттармен танысып қана қоймай, тәжірибелік сабақ алды. Олардың назарына «Қоғам. Жастар. Тарих» аты тарихи-деректі көрмесі мен облыстық архив қорынан алынған фильм көрсетілді. Ұйымдастырушылар бұл тарихи сабақты өткізу бүгінде әдемі дәстүрге айналғанын айтады.

Жанагүл ТҰРСЫНОВА, облыстық мұрағаттың директоры:

-Бұл жобаның мақсаты – жастар арасында танымдық және зертету дағдыларын қалыптастыру және дамыту, оқушылардың тарих мұрасына қызығушылығын ояту болып табылады.

Тарихи сабаққа «Қазақстандық немістер қауымдастығы «Қайта өрлеу» қоғамдық қорының өкілдері, Қарағанды қаласындағы «Видергебургт» неміс  орталығы» қоғамдық қоры және Алматы, Семей, Павлодар және т.б қалалардан келген жастар қатысты. Айта кетелік, бұл Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен жастар жылы аясында ұйымдастырылған шараның бірі.

Айдана ДАСТАН

 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...