ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Тілегенов Ботабек Маратұлы

17:19, 19 сәуір 2016

«Өзіңе сен. Өзіңді алып шығар ақылың мен еңбегің екі жақтап»

 

Бағдарламалар  бөлімінің редакторы.

1986 жылы 1сәуірде дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ «Журналистика» мамандағы бойынша бітірген. 2010 жылдан телеарнамызда еңбек етіп келеді. Бастапқыда қала тұрғындарының қошеметіне бөленген «Айтарымыз аз емес...» атты ойын-сауық бағдарламасын тізгіндеп көпшілікке танылды. Бұдан бөлек ауылдағы ағайынның тыныс-тіршілігін насихаттайтын «Аймақ тынысы» хабарының редакторы болды. 2010 жылы аталған бағдарлама облыстық байқауда ауыл тақырыбындағы үздік теле хабар болып танылып арнайы марапатқа ие болған.  2011 жылы апта сайын эфирге шыққан «Спорт,спорт...» хабарын дайындап әр спортшының жетістігін насихаттады. Аталған бағдарлама 2012 жылы Спорт және мәдениет министрлігі ұйымдастырған байқауында топ жарып үздік теле хабар номинациясына ие болды. 2013-14 жылдары Ботабек жаңалықтар бөліміне ауысып түрлі тақырыпқа қалам тербеп өзінің жан-жақты екендігін көрсете білді. Әсіресе спорт тақырыбы жанына жақын. Еуропа лигасының топтық кезеніне өткен «Шахтер» командасымен шетел асып Нидерланды еліне барып арнайы репортаждар жасаған болатын.  Бүгінде Қарағанды спортшыларының жетістіктерін саралап,салмақтап көрермендерге ұсынатын «Арена»  хабарының авторы Һәм жүргізушісі. 

Өткен жылы Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай «Жеңіс солдаты» атты циклды бағдарламалар дайындап телеарнаның мұрағатын қазыналы қариялардың естеліктерімен толықтырды. Сонымен қатар мемлекет саясатын ұстанған «2050» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі. Наурыз айынан бастап мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыру мақсатында дайындалып жатқан «Тіл тағдырым» хабарын жүргізеді. «Ойталқы» ток-шоуының редакторы. Бір сөзбен айтқанда телеарнаның барлық сатысынан өтіп, өзіндік стильін қалыптастыра білген білікті журналист. 

Дауыс беру үшін мына сілтемені басыңыздарhttp://vote.kaztrk.kz/regional.php?enter=voice&id=88

Тақырып бойынша материалдар

Арқа арнасының арландарына дауыс беріңіздер!
12:09, 25 мамыр 2016
Арқа арнасының арландарына дауыс беріңіздер!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...