
"Өткеніңді ұмытсаң, өшкеніңнің белгісі, Өткеніңді еске алсаң, өскеніңнің белгісі!"
Бағдарламалар бөлімінің редакторы.
1983 жылы туған. 2006 жылы.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік дипломмен тәмамдаған.2011 жылдан бүгінгі күнге дейін облыстық «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының бағдарламалар дайындау бөлімінің редакторы. «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасында «Жаңғырық» зияткерлік, «Ел мүддесі» ток-шоу,«Шаңырақ» танымдық, «Арнадым саған» шоу теле-жобаларының авторы әрі жүргізушісі.
2008 жылы Нұра ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
2010 жылы мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін Тіл комитетінің «Алғыс хатымен» марапатталған.
2013 жылы Қарағанды облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығының үздік телехабар номинациясының иегері.
2015 жылы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, Корпорацияның дамуына қосқан шығармашылық үлесі және жоғары кәсіби шеберлігі үшін «Қазақстан» РТРК» АҚ басқармасының төрағасының «Алғыс хатымен» марапатталған.
Дауыс беру үшін мына сілтемені басыңыздар: http://vote.kaztrk.kz/09/