ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді

17:39, 12 қазан 2015

Олар «Жастар» спорт кешенінде «Қазақ хандығын жариялау» атты сахналық көрінісін сахналады. 45 минуттық спектакль «Қазақ хандығының 550»жылдығына арналып отыр

«Жастар» спорт кешенінің залы бүгін қазақ ауылының бейнесінде. Сахна ұлттық нақышта безендіріліп әрленген. Ал аула клуб мүшелері мен әр спорт түрінің шеберлері кезіндегі қазақ батырларының рөлінде. Шахтер стадионының қызметкерлері де ұлттық нақышта киініп, тарихи кейіпкерлер бейнесін сомдады.    

Қойылымда Керей ханның сайлануы, қазақ хандығын жариялау кезеңі көрсетілді. Мемлекеттің дамуының алғашқы баспалдақтары спектаклге арқау болған. Қойылымның сценарийін «Шахтер» стадионының қызметкерлері өздері жазған. Ұйымдастырушылар білікті мамандардың ақыл кеңесіне жүгінбепті.

Қойылымға барлығы 150 адам жұмылдырылған. Қатысушылар тарихи образдарды бейнелеумен қатар, талай құнды деректерді біліп, терең мағұлматтар алдық деп тарқасты.

 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студенттері мен мектеп оқушылары айрықша саяхатқа шықты
18:32, 27 қазан 2015
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студент...
Толығырақ...
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
16:34, 14 қыркүйек 2015
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
Толығырақ...
Осакаров  ауданында бахадүр батыр, байыпты мәмлегер – Нияз Барқыұлы ұлықталуда
14:36, 10 қыркүйек 2015
Осакаров ауданында бахадүр батыр, байыпты мәмлегер – Нияз Б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар