ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қазақ хандығының 550 жылдығын Қарағанды жұртшылығы қалай атап өтеді?

14:50, 15 шілде 2015

Қандай іс-шаралар ұйымдастырылады? Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиналыста биылғы жылдың басты мерекесіне дайындық барысы пысықталды

Аймағымызда жыл басынан бері Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 51 іс-шара өткізілген. Шығармалар байқауы, жоғары оқу орындарында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, спорттық шаралар, көрмелер мен концерттер соның бір парасы. Ал әзірге айтулы жаңалық – «Сарыарқа кітапханасы» деген сериямен 100 томдық кітаптың шығарылуы болды. Жалпы мерекеге арналған 75 шара ұйымдастыру жоспарланған. Ең басты дүбірлі той ұлт ұясы - Ұлытауда өтеді.

Бұл күні мерекелік шаралар облыс орталығында да өткізіледі. «Нұр Отан» ғимаратында болатын ғылыми-конференцияға 200-ден астам адам қатысады деп жоспарланған. Оның ішінде жоғары оқу орындарының ректорлары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері ұлт тарихына қатысты ойларын ортаға салмақ. Ал өңіріміздің өнер ұжымдары 12-13 қыркүйек Астанадағы «Қазақ елі» алаңында өтетін шараларға қатысуға аттанады.

Жиналыс соңында Нұрмұхамбет Әбдібеков Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының, Жезқазған, Сәтпаев қалаларының әкімдеріне мерекелік шараларды жоғары деңгейде атап өтуді жүктеді. Сондай-ақ 9 қазан Тараз қаласында қазақ хандығының 550 жылдығына арналып өткізілетін шараға облыс атынан барып қатысатын делегация тізімі жасалды. Өңірімізден 20 адам көне шаһардағы шараларға қатысып, куә болып қайтады.

 

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студенттері мен мектеп оқушылары айрықша саяхатқа шықты
18:32, 27 қазан 2015
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студент...
Толығырақ...
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді
17:39, 12 қазан 2015
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінд...
Толығырақ...
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
16:34, 14 қыркүйек 2015
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар