ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Ұлытау ауданындағы «Хан ордасына» қамқорлық қажет

17:16, 24 маусым 2015

Ресми деректерге жүгінсек, Ұлытау өңірінде үш жүзден астам тарихи мәдени жәдігер бар. Олардың көбісі ықылым заманның ғажайып мұрасы, ғасырлар қойнауынан сыр шертетін ұлтымыздың шежіресі. Осынау баға жетпес байлығымызды дәріптеу мен насихаттау бүгінгі ұрпақтың парызы

Әдетте, Ұлытау ауызға алынса Алашахан мен Жошыхан, Домбауыл мазарлары бірден ойға оралады.Сөз жоқ, бұл кесенелер ертеден қалыптасқан тарихи санамыздың бір бөлшегі.Десек те, әр заман тарихи даму заңдылығына сәйкес өз жәдігерлерін тудыратыны белгілі.Тәуелсіздік тұсында түлеп шыққан сондай тарихи орындардың бірі Ұлытаудағы хан ордасы.Бірақ оған қамқорлық әлі де өз деңгейінде емес. Сондықтан да тасқа тұнған тарихымызды тәрбиенің тал бесігіне айналдыра алмай келеміз.

Хан ордасы туралы айтылғанда екі мәселенің ұштығы қылтияды. Біріншісі – хан ордасына апаратын 15 шақырымдық  жолды күрделі жөндеуден өткізу. Екіншісі – хан ордасы алаңын қалпына келтіру шаралары.Яғни, тарихи көркемдік шешім тапқан заманауи тұрғыдағы мемориалдық кешенді ескерткіш қажет. Бұл дегеніңіз - кешегі тарихымызды тану арқылы болашағымызды  бағдарлаудың ұтымды жолы.

Хан ордасы алаңын қалпына келтіру көптен бері айтылып келе жатқан тақырып. Бәлкім, бұл мәселе биылғы қазақ хандығының бес жарым ғасырлық мерейтойы қарсаңында шешіліп қалар деген үміт бар ел арасында. Өйткені, «Ескерткіш -елдіктің белгісі» деген сөзді бабаларымыз текке айтпаса керекті.

 

Әшімхан ЖӘМПЕЙІСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студенттері мен мектеп оқушылары айрықша саяхатқа шықты
18:32, 27 қазан 2015
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студент...
Толығырақ...
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді
17:39, 12 қазан 2015
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінд...
Толығырақ...
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
16:34, 14 қыркүйек 2015
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар