ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағандыда «Қазақ хандығына -550 жыл» атты конференция өтті

17:28, 17 сәуір 2015

Басқосуда ұстаздар мен зиялы қауым өкілдері қазақ хандығының тамыры терең тарихын балғындармен бірге саралады. Мақсат - тарихи тұлғалардың асыл қасиеттері мен елге еткен еңбектерін ұрпақ санасында жаңғырта отырып, оларды отансүйгіштікке баулу

1465-шы жылы Керей мен Жәнібек қазақ хандығын құрды. Сол заманда  барлық тайпалар бір қолдың астына жиылып «Алаш» деп ұрандады. Қалмақтың көрсеткен  зорлығы мен зомбылығынан  бабалардың кеудесін намыс кернеп, ыза -кегін оятты. Талай  нәубетті бастан өткерген қазақ ұлты өшкен жоқ, ол ерлік пен өрлікті ту еткен батыр бабалардың арқасы еді. Мың өліп, мың тірілген ұлтымыз үшін азаттық таңы атқалы да көп уақыт өте қойған жоқ.   Ал Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып өткізілген  конференция сол байтақ жеріміз, дархан елімізді сақтап қалған  ұлы тұлғаларға  деген құрметтің бір парасы болса керек.

Конференция  барысында білім саласында тер төккен қариялар да мақтау марапатқа ие болды. Екінші дүнижүзілік соғыс және тыл ардагерлеріне қала әкімінің орынбасары Ирина Любарская  жеңістің 70 жылдығына арналған  мерейтойылық медальдарды  табыстады. Қазақ хандығы тақырыбына арналған көрмеде көшпенділер өмірін бейнелейтін балалардың жобалары мен қолөнер бұйымдары қойылған.

 

Жанбота РАХМЕТУЛЛА 

Тақырып бойынша материалдар

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студенттері мен мектеп оқушылары айрықша саяхатқа шықты
18:32, 27 қазан 2015
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студент...
Толығырақ...
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді
17:39, 12 қазан 2015
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінд...
Толығырақ...
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
16:34, 14 қыркүйек 2015
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар