ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қарқаралы ауданының Нүркен ауылында жамбы атудан жарыс өтті

17:10, 26 ақпан 2015

Сайысқа іріктеу кезеңінен үздік шыққан 36 адам қатысты

Жамбы ату - қазақ жұртының көнеден келе жатқан дәстүрлі ойыны. Бұл ерте заманда жауынгерлердің мергендік қабілетін жетілдіру үшін өткізіліп келген. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған жарысқа іріктеу кезеңінде үздік өнер көрсеткен 36 адам қатысты. Оларға бір ай бойы дайындық сабақтары, танымдық семинарлар өткізілген. Мақсатымыз - ұмыт болып кеткен бұл ұлттық ойынымызды қайта жаңғырту, - дейді игі істің басы-қасында жүргендер.

Ойын ережесіне сәйкес, қатысушылар сәйгүлікпен шауып келіп, үш бірдей нысанаға жебе атуы тиіс. Жарыс барысында көпшілігі мергендігімен танылды. Қасым ауылынан келген Мейрамгүл Сейілханова жарысқа қатысқан жалғыз нәзікжанды. Садақ тартып, бағымды сынауға, әрі қазақ қыздарының қайсарлығын көрсетейін деп әдейі келдім, - дейді ол.

Бұл күні нысанаға дөп тиген мергендердің барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздардың қатарында өзге ұлттың өкілдері де болды. Денис Клименко 3-ші орын алды. Ұйымдастырушылар келешекте жарысты облыс деңгейінде өткізуді межелеп отыр.

 

Гүлім АЯТАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студенттері мен мектеп оқушылары айрықша саяхатқа шықты
18:32, 27 қазан 2015
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студент...
Толығырақ...
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді
17:39, 12 қазан 2015
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінд...
Толығырақ...
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
16:34, 14 қыркүйек 2015
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар