ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Биыл атақты күйші Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 200 жыл

14:14, 11 тамыз 2015

Атаулы дата Қарағанды облысында кең көлемде мерекеленбек. Өйткені шертпе күйдің шебері Қарқаралы ауданының тумасы. Сондықтан облыс әкімдігіндегі аппараттық жиналыста аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков тарихи тұлғаның құрметіне бағытталған әр шара өз мәнінде атап өтілу керектігін міндеттеді

Тәттімбет Қазанғапұлы  халық күй өнерінің классигі.  Әр түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан астам күйдің авторы. Сондықтан композитордың 200 жылдығына арналған шаралар облыстық мәдениет, өнер, мұрағат мекемелерінде жыл бойы өткізіліп келеді. Бұл - күй байқаулары, фестивальдері, концерттер, әдеби музыкалық кештер және дөңгелек үстел бас қосулары.  

Ал басты айшықты шара Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы халық аспаптар орындаушыларының республикалық  байқауы болмақ. Күй тартыс қазан айының 23-25 күндері аралығында ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Осымен 6 рет өткізілгелі отырған дәстүрлі шараға биыл еліміздің түкпір-түкпірінен 20 дан астам өнерпаз қатыспақ. Қазір әділқазылар алқасының құрамында болатын танымал тұлғаларды шақырту  жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков көрнекті күйші Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жылдығына бағытталған әр шара өз деңгейінде өту керектігін атап өтті. Республикалық байқауға шақырылған қонақтармен қатысушылар ештеңеден тарылмауы үшін оларға барлық жағдайды жасауды тапсырды.

 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студенттері мен мектеп оқушылары айрықша саяхатқа шықты
18:32, 27 қазан 2015
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студент...
Толығырақ...
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді
17:39, 12 қазан 2015
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінд...
Толығырақ...
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
16:34, 14 қыркүйек 2015
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар