ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студенттері мен мектеп оқушылары айрықша саяхатқа шықты

18:32, 27 қазан 2015

Жастар мысты аймақтағы тарихи жерлермен танысып, көне сақ дәуіріндегі қорымдардың белгісіз сырларына қанықты

Бектау-Ата тауының бөктері мен сай саласы тылсым тарихқа тұнып тұр. Аңыз -әпсаналарда көрсетілген  жақпар-жақпар  тау-тас, көлбеп жатқан жоталар, сірескен сілемдері қазақ хандығының тарихынан тамыр тартпай қоймайды. Жас буын киелі мекенді көзбен көріп, мәлім де беймәлім әңгімелерді өлкетанушылардың өз аузынан естіді.

Топырағын түртіп қалсаң қазба байлығы жанартаудай атқылаған, мысы балқыған Балқашта 200-ге  жуық  ескерткіш пен қорым бар.Олардың зерттеуге зәру боп,  сыр бүгіп жатқандары  қаншама. Әуесқой саяхатшылар сақ қорғанындағы  біздің эрамызға дейінгі сегіз ғасырды айшықтайтын ескерткіштерді де аралады.  

Студенттер халық ақыны, композитор Шашубай Қошқарбаевтың да  зираты басына тағзым етті. Халық ақыны қазақ ауыз әдебиетінің көрнекті өкілі, халық арасында оны «шашасына шаң жұқпаған Шашубай» деген атағы кең тараған. Жасынан қолына домбыра мен сырнай алып алқалы топта өрнекті өлең өрген. Мақтау өлеңін әркімге емес еліне арнаған бөрі рухты жыр жүйрігі. 

Саяхатқа қатысушылар  қасиетті аумақты қоқыстан  тазартып сауапқа бөленді. Маңайдағы шашылған заттардың қылшығын да  қалдырмай, мұнтаздай етіп жиыстырды.

Қызықты   жол сапар соңы  театрландырылған қойылымға ұласты. Ұлттық үлгіде киінген жастар да спектакльдің ажарын ашып, көркін келістірді. Ал Абылай ханның  рөлін Жангелді Кендембаев кәсіби актерлерден кем сомдамады.

Экспедицияда жеті колледжден 90 адам белсенділік танытты. Рухани шара аясында өрендеріміз тарихты терең біліп, мәдени мұралар туралы мол мағлұмат алып байып қалғандарын айтады.

 

Жанбота РАХМЕТУЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді
17:39, 12 қазан 2015
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінд...
Толығырақ...
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
16:34, 14 қыркүйек 2015
«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы
Толығырақ...
Осакаров  ауданында бахадүр батыр, байыпты мәмлегер – Нияз Барқыұлы ұлықталуда
14:36, 10 қыркүйек 2015
Осакаров ауданында бахадүр батыр, байыпты мәмлегер – Нияз Б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар