ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«Қазақ елі» алаңы, жаңғыртты байтақ даланы

16:34, 14 қыркүйек 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуді еліміздің еңсерген тағы бір белесі деп атауға болады.Бұл шара ата-бабаларымыздың биік рухынан тәлім алуға да өзіндік үлес қосатыны анық

Ару Астана бұл күндері айбарлы тарихтың терең қойнауына еніп кеткендей.Өйткені, қыркүйектің үш тәулігінде елорда төрінде тарих сабағының көне беттері парақталып, кемел сәттері сарапталды. Тәуелсіздіктің жарқын жылнамасынан ойып тұрып орын алатын ордалы ойды Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты бас қосуда Мемлекет басшысы жер жаһанға мәлім етті.

Ресми салтанатты жиналыстан бастау алған мерейтойлық шаралар мазмұны орталық алаңға ойысты.Үш күн бойы ұлы тойдың  көрігін қыздырып, өрісін  кеңейткен де   50 киіз үйден тұратын этноауыл алаңы.

Әр облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламалары,  халық шеберлерінің қолынан шыққан жәдігерлер көрмесі, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мерейтой мазмұнын аша түскені анық.Ал осындай тарих қойнауынан сыр шертетін әсерлі көріністерді Қарағанды облысының өнер ұжымдары «Қоянды жәрмеңкесі» атты тарихи қойылыммен түйіндеп берді.

Тарихтан тамыр тартатын тағы бір қойылым жайында ерекше айта кеткен жөн. «Барыс» мұз айдыны сарайында өткен театрландырылған мерекелік кеш шындығында теңдесі жоқ өнер мерекесі боғаны рас. 2500 адам қатысқан бұл қойылымда қазіргі  Қазақстан аумағында үш мың жыл бойында өткен айшықты оқиғалар өнер тілімен өріліп берілді.

Осынау ұлттық тарихты ұлықтау салтанаты аясында бүгінгі еліміздің саяси өмірімен  үндестік табатын шырайлы шараның да тұсауы кесілді. Ол -  Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Ұлы Дала елі» республикалық тарихи мәдени экспедициясы.

Елдік мереке экспедициясының мақсаты ел ішінде тарихи-танымдық, саяси-экономикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Төрт бағыт бойынша аттанған автошеру Қазақстанның барлық аймағына  қамтып, қазан айында Тараз қаласында түйіседі.Жалпы үш күндік мерейтойлық шараларда Қарағанды облысы дайындаған концерттік қойылымдар, елді елең еткізер тосын көріністер, жылы жүзді жүздесулер аз болған жоқ. Жерлестеріміздің мерейін асырған сондай бір шуақты сәт, ол елбасының  этноауылды арнайы аралау барысында қарағандылықтармен   емен-жарқын қауышуы дер едік.

 

Әшімхан ЖӘМПЕЙІСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студенттері мен мектеп оқушылары айрықша саяхатқа шықты
18:32, 27 қазан 2015
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Балқаш қаласының студент...
Толығырақ...
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінде сынап көрді
17:39, 12 қазан 2015
«Шахтер» стадионының аула клуб мүшелері өздерін әртіс ретінд...
Толығырақ...
Осакаров  ауданында бахадүр батыр, байыпты мәмлегер – Нияз Барқыұлы ұлықталуда
14:36, 10 қыркүйек 2015
Осакаров ауданында бахадүр батыр, байыпты мәмлегер – Нияз Б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар