ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Жуырда Қарағандыда тағы бір нан зауыты пайда болады

17:04, 16 қыркүйек 2016

Өңірге өң беретін өнеркәсіп әлемдік стандартқа сай. Және де ең озық үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген

«СарыарқаНан Қарағанды» зауыты тәулігіне 80 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Өнеркәсіптің  жеті мың метр аумағы да халықаралық талапқа сәйкес безендіріліпті. Білікті мамандар  жабдықтарды қазір  орнату үстінде  

Жоба қуатына еніп, құлашын кеңге сермегенде жұмыскерлер арық сөйлеп, семіз шығамыз деп отыр. Мысалға нан пісіретін пештер Германия мен Болгария және Италиядан әкелінген. Тіпті қойманың өзіне ауа баптағыш қойылыпты.

Мұндағы еңбеккерлерге тиісті жағдайлар жасалынған. Олардың жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелері бар. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да бос жұмыс орындары қарастырылған.

Бұйыртса кәсіпорында бөлке нандардан бөлек, кондитерлік өнімдері шығарылады. Сапасы жоғары тоқаштар мен тәттілер қаладағы сауда үйлерінің сөрелеріне қойылып, қолжетімді бағамен саудаланады. Зауыттың құрылыс жұмыстары желтоқсан айында аяқталады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ 

Тақырып бойынша материалдар

Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек
21:49, 17 қараша 2016
Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағда...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...