ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Приозерск қаласында орта және шағын бизнес саласы қарқынды даму үстінде

22:16, 23 мамыр 2016

Мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлердің инвестициялары арқасында жаңа сауда-саттық нысандары, қызмет көрсету орталықтары пайда болуда. Осы жылы 4 жоба жүзеге асырылып, 20-дан астам адам жұмыспен қамтылады.

Әскери қалада кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп, әлеуметтің әлеуеті артып келеді. Өткен жылы 5 бизнес нысаны пайдалануға берілген. 11 адам еңбекпен қамтылыпты. Ал, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жалпы соммасы 130 млн.теңге болатын 2 жоба жүзеге асырылған. Мына базар құрылысы да қызу жүріп жатыр. Бұл жерде сауда-саттықтың көркі қызып қана қоймай, 30 адам тұрақты жұмыс орнын да табады.

«Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында осы жылы да бірнеше жаңа нысандардың құрылысы жоспарланған. Жақында мына сауда орталығы пайдалануға берілді. Оның құрылысына 18 млн. теңге инвестиция салынған. Нәтижесінде 9 жұмыс орны ашылыпты.

Кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсене қатысып, өз ісін ілгерілетуге мүмкіндік алуда. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2 жоба  жүзеге асырылмақ. Осылайша жергілікті билік экономиканы дамытып, жүмыссыздықты жоюды мақсат етіп отыр.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек
21:49, 17 қараша 2016
Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағда...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...