ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Облыстық үйлестіру кеңесінде 12 инвестициялық жоба мақұлданып, қолдауға ие болды

16:33, 5 қыркүйек 2016

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бизнес өкілдеріне жаңа мүмкіндікке жол ашты. Мәселен жеңіл және ауыр жүк көлігін жөндеу сондай-ақ киім тігу өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлінеді. Осы тың бастамалардың болашағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында кеңінен талқыланды. Нәтижесінде 12 инвестициялық жоба мақұлданып, қолдауға ие болды.

Үйлестіру кеңесінің отырысына барлығы 12 жоба ұсынылды. Яғни электротехникалыққұрылғы сатып алу мен  құрылыс материалдарын дамытуға бағытталған бастамалар. Аталған жобаларға субсидия үшін бөлінген  несие көлемі 2 жарым миллиард теңгені құрайды. Қаржының басым көпшілігі тауарды қайта өңдеу жұмыстарына жұмсалады. Бұл кәсіпорындарда 800-ден астам жұмыс орнын сақтап қалудың жолы болмақ.  

Үйлестіру кеңесінде 4 кәсіпорын несиелерінің қайтарым уақытын ұзартуға мүмкіндік алды. Бұл бизнес ауқымын кеңейтетін, өнім көлемін арттырудың таптырмас мүмкіндігі. Мәселен "IRS KZ" ЖШС жеңіл және жүк көліктерді бақылаудан өткізетін автокешен құрылысын жоспарлап отыр. Ал жеке кәсіпкер Виниченко сыртқы киімдерді тігіп, жөндеуді қолға алатынын атап өтті.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері  бұдан басқа да кәсібін дөңгелеткісі келетін бизнес өкілдерінің ұсынған жобаларына  қолдау танытты. Биыл бұл мақсатта  республикалық қазынадан және бірыңғай зейнетақы қорынан 200 млн. теңге қаржы бөлінген екен.  

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек
21:49, 17 қараша 2016
Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағда...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...