ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағанды облысының Ахмет аулынан шығатын нан, тоқаш өнімдері әр қазақстандықтың дастарханында болуы тиіс

19:02, 26 мамыр 2016

Осы бағытта қажырлы еңбек ету керек дейді Нұра ауданының өндірушілері. Жергілікті шикізаттан шет елдік рецеппен жасалатын дәмді өнімдерді ауыл тұрғындары әзірлейді.

Жергілікті наубайхана тәулігіне 400 дана тәтті тоқаш пен 2 мың бөлке нан пісіреді. Мұнда Ахмет ауылының елу тұрғыны еңбек етеді. Жерігілікті мамандарды ресейден шақырылған технологтар оқытып, кондитерлік тағамдардың рецепттерін де жасайды. Ең бастысы химиялық қоспаларды қолданбау шарт дейді мамандар.

Данияр АСИЛИН, өндіріс меңгерушісі 

- Өнімдердің дәмі, түсі әдемі болу керек. Ол ұн өнімдеріне байланысты. Ұн Қарағанды мен Нұра ауданынан алынады. Күніне 25 -30 қап өндіреміз. Бір жарым тонна ұнды өндіреміз.))

 

Қазір наубайханада елуге жуық өнім түрі бар. Жақында ауыл тұрғындарына зефир мен мармелад ұсынылмақ. Рецептураны ресей технологы жүзеге асырып жатыр.Жергілікті халық наубайхананың тәтті тағамдарына дән риза.

Бақыт ҚЫЗДАРБЕКОВА; Ахмет ауылының тұрғыны

-Бізде барлық өнімдер өзіміздікі. Нанымыз да, тәттілер де. Біз зейнеткерлер жергілікті өндірушілерді қолдаймыз. Күнделікті келіп, ыстық нанымызды алып тұрамыз.))

 

Нұра ауданында пісірілетін нан-тоқаш өнімдеріне астанадан да тапсырыстар  түсуде. Алдағы уақытта өндіріс көлемін арттырып, заманауи технологияларды қолданудың арқасында отандық өніммен бүкіл Қазақстан аймақтарын қамтуды жоспарлап отырмыз – дейді наубайхана қызметкерлері.

Лейла ЕСКЕНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек
21:49, 17 қараша 2016
Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағда...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...