ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағанды облысында 2 жылға бағытталған дағдарысқа қарсы жоспар құрылды

17:56, 25 қаңтар 2016

Өтпелі кезең сынағынан сүрінбей өтуге бірден бір септігін тигізетін мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.Осы және басқа да мәселелер облысттық әкімдікте өткен аппарат жиналысында кеңінен талқыланды

2016-2018 жылдары етек алатын әлемдік  дағдарысқа қарымта  жоспар 2015 жылы бекітілген болатын. Құжатқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің өтпелі кезеңге берген нақты тапсырмалары енген. Аймақты дамыту бағдарламасы бойынша 2018 жылға дейін  шағын қалаларды дамытуға арналған 15 жоба жүзеге асырылатын болады. Ал үдемелі индустриялды инновациялық дамыту бағдарламасына сәйкес 10 жоба іске қосылмақшы. Бұл 3 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар инвестиция тарту кеңесін құру да қолға  алынған.

Облыста инвестиция әлеуетін арттыру үшін АҚШ, Қытай, Германия, Ирландия және Ресей инвесторларымен кездесу ұйымдастырылған.  Индустрияландыру картасы бойынша 25 млрд теңгенің  тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын ашу үшін 10 жобаны жүзеге асыру жоспарда тұр. Ал «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 200 ге жуық жобаны қолдап қуаттау көзделген. 

«Қазақстанда жасалған» акциясы да  жалғаса береді.  Бүгінде отандық тауарлар 4 мыңнан аса сауда орталықтарының сөрелерінде тұр.  Ал тұрғын үй коммуналды шаруашылық бағдарламасы аясында  23 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Яғни 2018 жылға дейін аймақтағы жылу беру және электр желілері, су құбырлары  қайта қалпына келтірілетін болады. 

Ауқымды жобаларды сәтті орындау мақсатында облыс әкімі басқарма жетекшілері мен қала аудан басшыларына тиісті тапсырма берді. Бастысы дағдарысқа қарсы жоспарды жан-жақты талқылап, сауатты орындауға бар білім біліктіктерін жұмсауды баршаға міндеттеді.

 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек
21:49, 17 қараша 2016
Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағда...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...