ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Еуразиялық экономикалық одақ ынтымақтастығының арқасында Қазақстан экспортталатын өнім көлемін көбейтті

16:46, 3 наурыз 2016

Соңғы 6 жылда Кеден одағын дағы әріптес елдермен тауар айналымы 2 есе өскен. Шекарадағы бұл кеңістік жаңа экономикалық дамудың баспалдағы болмақ

Қазақстан сырт елге металл, көмір, ұн өнімін экспорттайды.  Мамандар кедендік одақ аумағында тауарларға  кедендік баж салынбай, еркін өткізілуіне рұқсат етілуі көптеген қиындықтардың алдын-алды дейді. Бұл бастама қазақстандық тауар өндірушілерге өз өнімдерін өзге елге ұсынуға мүмкіндік берді.

Еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы  алпауыт елдер Қазақстан мен Ресей.  Олар бір-бірімен  автомобиль, минералды тыңайтқыштар, метал және химииялық өнімдер тәрізді тауарлармен алмасады. Беларусиядан Қарағандыға ауылшаруашылық техникалары мен жиһаздар әкелінеді.  Ал Армения тәтті сусындар мен спирттік өнімдерін қояды. Қырғызстаннан елімізге жеңілөнеркәсіп өнімдері – түрлі дайын киім-кишек әкелінеді.

Қазақстан жер-жаһандағы  озық отыз мемлекеттің қатарына кіруді басты мақсат етіп қойды. Сондықтан  сауданы еселей түсудің жалғыз жолы «экономикалық» мүдде жолында  күш біріктіру дейді мамандар. Әлемдегі жаңа экономикалық интеграциялық одақ жұмысын 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастаған  еді. Енді келесі жылдан бастап ынтымақтастық елдерінде ортақ фармацевтикалық нарық құрылатын болады.

 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек
21:49, 17 қараша 2016
Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағда...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...