ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Жүйелі жоспар жетістікке жетелейді

18:55, 20 қаңтар 2016

Бүгін Қазақстан халқы ассамблеясы Қарағанды облысы секретариаты жанындағы ғылыми сараптамалық топтың кеңейтілген отырысы өтті. Басқосуға қатысушылар Елбасының «Ұлт жоспары –қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын салмақтап, саралады. Межелі мақсатқа ұйыстыратын бағыттарды жауапты тарап, сауатты ұрпақпен бірге бағамдады. Жарқын болашаққа жетелейтін «Мәңгілік ел идеясының» да тиімді тұстарын жеткізді тарихшылар

Алдымен алқалы отырысқа жиналған қауым Қазақстан халқы ассамблеясы Қарағанды облысы секретариты жанынан құрылған  ғылыми сараптамалық топтың атқарған істері және келешекке жоспарларымен  танысты. Атап айтсақ, бірегей қоғамдық институт өкілдері тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай он тоғызға жуық шараның шымылдығын түреді. Яғни жүзден астам ұлт пен ұлыстың достығын дәріптейтін, жасөсіпрімдерді отансүйгіштікте баулитын конференциялар мен дөңгелек үстелдер ауқымды акциялар өткізілетін болады. Биыл  Евней Бөкетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетінде Қазақстан халқы ассамблеясы кафердрасы ашылды. Елбасының маңызды мақаласы қуатты еліміздің дамуына серпін беріп, халыққа  сенім сыйлағанын ағынан жарыла  айтты  сөйлеушілер. Өйткені  ширек ғасыр ішінде Қазақстан шетелге танылды, елдің өркендеу жолындағы қарқынды  қадамдарын дүниежүзі сарапшылары мойындады. Бағымды бес реформадағы жаһандағы жаңашылдық пен жетістіктерге жетелейді. Енді жалпақ жұрт белді бекем буып, ұлт жопары аясында жүйелі жұмыс жүргізіп, болашақтың белестерін бағындыруы тиіс. Жалпы облыста  жетпістен астам этно-мәдени бірлестік бар.  Айрандай ұйыған  ұжымның сыйластығы жарасқан. Ғылыми  сарапшы  топ Қарағанды медицина универсиетінің студенттеріне «Мәңгілік ел» идеясын талдап түсіндірді.  Президенттің мақаласында жіліктеп көрсетілген  тың жаңғыртулар өндірісті өрлетуге, тірлікті төрлетуге бастайды. Қазақстан экономикасын, қоғамды өзгертетін мол мүмкіндіктер бұл. Кеңейтілген отырыста осындай ордалы ой-өрбіткен  қауым  жүктелген жоспарды  мінсіз атқару керек деп тарқасты.

Жанбота РАХМЕТУЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

Қарағандыда «Тәуелсіздік келісім. Болашағы біртұтас ұлт» деген атаумен дөңгелек үстел өтті
19:57, 29 сәуір 2016
Қарағандыда «Тәуелсіздік келісім. Болашағы біртұтас ұлт» дег...
Толығырақ...
Этно мәдени бірлестік өкілдері Гоголь атындағы кітапханада бас қос
23:15, 20 сәуір 2016
Этно мәдени бірлестік өкілдері Гоголь атындағы кітапханада б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар