ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«Ұлтым шешен болса да, жаным қазақ» дейді өнерімен жұртты тамсандырып жүрген Қазыбек Талашев

19:10, 20 қараша 2015

Мемлекеттік тілді ана тіліндей жақсы көреді. Қазақтың салт-дәстүрін сақтап, ғұрпын дәріптеуді парызы санайды

«Тамырымда шешеннің қаны болғанмен, ет жүрегім қазақ деп соғады» дейді Қазыбек Талашев. Кіндік қаны қазақ жеріне тамып, ауылдағы ағайынның арасында өскен Қазыбектің қазақ ұлтын жанымен сүймеуі мүмкін емес. Ол Қазақстанға деген риясыз махаббатын өзінің әндерімен паш етіп жүр. Жақында Түркияда өткен «Алтын гюнюш» халықаралық байқауынан бас жүлдені жеңіп алып, ел мерейін үстем етті. Қазыбек 16 жасында жергілікті Мәдениет үйіне келіп, қазақ тілі мен өнерін насихаттауға ниет білдіріпті. Содан бастап жұмыста тек қазақ тілінде сөйлейтінін айтады әріптестері. Кейіпкеріміз талантты әнші ғана емес, үйде шаруақор, бармағынан бал тамған аспаз. Алайда өзін мақтағанды ұнатпайтын қарапайым қасиеті бар. Отбасында туғандарымен шешен, қазақ және орыс тілдерінде сөйлеседі. Талашевтер әулеті қазақ тілін білу жергілікті ұлт алдындағы парыз әрі оларға деген құрмет деп санайды. Тау халқы саналатын шешен ұлтынан белгілі ақындар мен жазушылар шыққан.   Қанша құқай көрсе де бұл ұлттың бүгінде бірлігі бекем. Ал, Қарағанды облысында 15 мыңнан астам шешен және ингуш ұлтының өкілдері тұрады. Олардың барлығы қиындықта құшағын ашқан қазақ елін ерекше құрмет тұтады.  Қазыбек өзінің бауырына да қазақ тілін үйретіп жүр. «Туған жердің тілін білу – басты байлығың» деп өсиет айтады кішкентай Сұлтанға ағасы.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Қарағандыда «Тәуелсіздік келісім. Болашағы біртұтас ұлт» деген атаумен дөңгелек үстел өтті
19:57, 29 сәуір 2016
Қарағандыда «Тәуелсіздік келісім. Болашағы біртұтас ұлт» дег...
Толығырақ...
Этно мәдени бірлестік өкілдері Гоголь атындағы кітапханада бас қос
23:15, 20 сәуір 2016
Этно мәдени бірлестік өкілдері Гоголь атындағы кітапханада б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар