ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағандыда достықты дәріптеген шара өтті

15:33, 29 мамыр 2015

Қарағанды қаласында «Қарағанды-достық пен бірліктің астанасы» атты фестиваль өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған шарада түрлі ұлттар мен ұлыстардың мәдениеті, тілі мен ділі дәріптелді

Фестивальға қаламыздағы түрлі оқу орындарынан  500 ге жуық студент қатысып, өнерлерін ортаға салды. Шараның шарты бойынша әр білім ордасы түрлі ұлттың мәдениетінен, өнерінен, шығармашылығынан сыр шертуі керек. Қарағанды медицина колледжі кәріс ұлтының атынан келіпті. Олар кәрістердің ұлттық тағамдарын әзірлеп, киімдерін киіп, ұлттық билерін дайындап әкелген екен.

Бұл фестиваль қаламызда осымен екінші рет өткізіліп отыр. Биылғы шара Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арнады. Әр колледж студенттері түрлі ұлттардың мәдениетін дәріптеп, тарихынан хабардар етті. Оқу ұжымдарының фестивальға тыңғылықты дайындықпен келгені көпшілікті тәнті етті. Ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері мұндай шаралардың бірлігі мізді бекем етуде ықпалы зор екенін айтады.

Соңында сайыскерлердің өнеріне баға беріліп, үздіктерді анықтады. «Қарағанды-достық пен бірліктің астанасы» фестиваліне қатысушылардың барлығы түрлі сый-сияпатқа ие болды.

 

Лейла НҰРҒАЛИЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Қарағандыда «Тәуелсіздік келісім. Болашағы біртұтас ұлт» деген атаумен дөңгелек үстел өтті
19:57, 29 сәуір 2016
Қарағандыда «Тәуелсіздік келісім. Болашағы біртұтас ұлт» дег...
Толығырақ...
Этно мәдени бірлестік өкілдері Гоголь атындағы кітапханада бас қос
23:15, 20 сәуір 2016
Этно мәдени бірлестік өкілдері Гоголь атындағы кітапханада б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар