ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағанды облысының мектеп оқушылары Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арнап дебат турнирін өткізді

17:27, 16 ақпан 2015

Турнирде елдің бірлігі мен ынтымағынан бастап, қоғамдағы түйткілді мәселелердің баршасы дерлік талқыға салынды. 20-дан астам команда қатысып, қызу пікір таластырды

№41 мектептен келген "Әділет 7" командасы соңғы 4 жылда қалалық, облыстық дебат сайыстарына белсене қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр. Бұл жолы да жеңістен үмітті. Алайда тақырып күрделі, қарсыластар да осал емес дейді команда мүшесі Жаһангер Мұратов.

Дарынды балаларға арналған "Мұрагер" мектебінде өткен облыстық дебат турниріне Абай, Бұқар жырау, Қарақаралы аудандарының, Саран, Шахтинск, Теміртау, Приозерск қалаларының оқушылары қатысты.  Алдымен қатысушылар бір-бірімен таныстырылып, жеребе бойынша пікір сайыстыруға мүмкіндік алды. Жалпы орыс тілді лига бойынша 9 команда, қазақ тілді лигаға 12 команда жасақталған.

Сөзсайысынан сүрінбей өткен ойы жүйрік, тілі шешен  командалар анықталды.  Қазақ лигасында бас жүлдені №41 мектеп командасы жеңіп алды. Ал орыс лигасында №45 гимназия оқушылары үздік деп танылды. Топтан озып, тасты жарар тапқырлығымен есте қалар пікірсайыссшыларға  грамоталар, кубок пен естелік сыйлықтар табысталды. Ең бастысы оқушылар білім көкжиектерін кеңейтіп, интеллектуалдық қарым-қабілеттерін, сөйлеу шеберліктерін арттырды.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Қарағандыда «Тәуелсіздік келісім. Болашағы біртұтас ұлт» деген атаумен дөңгелек үстел өтті
19:57, 29 сәуір 2016
Қарағандыда «Тәуелсіздік келісім. Болашағы біртұтас ұлт» дег...
Толығырақ...
Этно мәдени бірлестік өкілдері Гоголь атындағы кітапханада бас қос
23:15, 20 сәуір 2016
Этно мәдени бірлестік өкілдері Гоголь атындағы кітапханада б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар