ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Мерейтойлық сессия

18:14, 27 сәуір 2017

Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтті. Тұрақтылық пен татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің символына айналған ассамблеяның - биыл мерейтолық жиыны. Ассамблея мүшелері сессияға 25-ші рет жиналып отыр. Бұл жолғы жиында мемлекет жаңғыруының негізгі бағыттары талқыланды

Бейбітшілік пен Келісім сарайына жиналған екі мыңға жуық жанның тілі, діні басқа болғанымен, тілегі бір. Мақсат-мүддесі ортақ. Әлем көшінен қалмау үшін алдымен тек мемлекет пен экономиканың бәсекеге қабілетті болуы жеткіліксіз. Жастар тіл мен технологияны меңгеру керек. Өзге елдердің мәдениетін тануға ұмтылған жөн. Танып қана қоймай, құрметтеуі абзал. Осылайша, бір мемлекетті емес, тұтас әлемді сақтап қалуға болатынын айтты Елбасы. Қазақ халқының кеңдігіне барша ұлт куә. Кешегі қиын заманда қазақ топырағынан пана тапқандар аз болған жоқ. Президент алқалы басқосуда Тәуелсіздік, Келісім, Бірлік арқалы біртұтас ұлт болуы керектігін баса айтты. Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық сананы жаңғыртуға белсенді атсалысатынана сенім білдірді. «Туған жер», «100 жаңа есім» «Заманауи қазақстандық мәдениет» жобаларын жүзеге асыруда Ассамблея мүшелері де аянып қалмайтындарын жеткізді. Үкімет пен әкімдіктерге де қайырымдылық іс-шараларын жүргізуді, медиацияны дамытуды жүктеді. Қатысушылар мұндай кездесулерде әрқашан жаңа идеялар айтылып, жаңа міндеттер қойылатыны қуантады -дейді. Сондай-ақ сессияда өңірлерден келген делегаттар, спортшылар, жұмысшы мамандықтарының иелері және жастар ұйымдарының, азаматтық қоғамның өкілдері сөз сөйледі.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Қарағандыда «Тәуелсіздік келісім. Болашағы біртұтас ұлт» деген атаумен дөңгелек үстел өтті
19:57, 29 сәуір 2016
Қарағандыда «Тәуелсіздік келісім. Болашағы біртұтас ұлт» дег...
Толығырақ...
Этно мәдени бірлестік өкілдері Гоголь атындағы кітапханада бас қос
23:15, 20 сәуір 2016
Этно мәдени бірлестік өкілдері Гоголь атындағы кітапханада б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...