ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қоғамда қылаң беріп қалатын экстремизм мәселесі Қарағандыда өткен дөңгелек үстел талқылауына арқау болды

17:32, 19 қазан 2015

Ынтымағы ұйыған қазақ елінде 130-дан астам ұлт пен 18 конфессияның өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ұлыстардың салты мен ділі де келісім тапқан

Дәстүрлі емес ағымдардан қалай қорғануға болады?  Тілеулері теріс секталардың жымысқы пиғылын жүзеге асыртпаудың тәсілдері қандай? Осы және өзге де өзекті сауалдар алқалы отырыста орамды ойлармен дәлелді, уәжді сөздермен келелі әңгіме болды. Әлемді алаңдатқан індеттің тетігін тұмшалаудың әдістерін де нақтылап жеткізді дінтанушылар. Ұлттардың алтын бесігіне айналған біздің ел сияқты зайырлы мемлекетке басқа елдердің қызыға да, қызғана қарайтыны анық.  

Діни сауататтылығының төмендігінен көп адамдар тура жолдан жаңылысып жатады. Әлеуметтік желі арқылы да бүлдіргі топтар жастардың санасын улап алатын болса керек. Ата діннің атын жамылып, Сирияға сабылып жатқан жандар да жоқ емес.

Ұлан байтақ жерімізде, көңілі дархан елімізде ұлтаралық және дінаралық келісім берік орныққан. Өйткені қазақ ежелден бауырлас ағайынға пана болған, бір үзім нанын бөліп жеген халық.

 

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Қарағандыда «Тәуелсіздік келісім. Болашағы біртұтас ұлт» деген атаумен дөңгелек үстел өтті
19:57, 29 сәуір 2016
Қарағандыда «Тәуелсіздік келісім. Болашағы біртұтас ұлт» дег...
Толығырақ...
Этно мәдени бірлестік өкілдері Гоголь атындағы кітапханада бас қос
23:15, 20 сәуір 2016
Этно мәдени бірлестік өкілдері Гоголь атындағы кітапханада б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар