ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«Қазақстан немістері» көрмесі қарағандылықтар назарына ұсынылды

13:52, 19 қараша 2015

Республикалық шара Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған. 15 бөлiмнен тұратын көрмеде немiс халқының тарихынан және бүгiнгi күнінен сыр шертетiн құжаттар қойылған

«Қазақстандық немістер» көрмесі Астана, Алматы, Семей, Павлодар қалаларын аралаған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тұрғындардың оң бағасына ие болыпты. Онда неміс ұлтының қазақ жеріне келген кезеңі, сұрапыл соғыс жылдары бейнеленген.

Ал мына  фотосуреттер Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінен сыр шертеді. Кейінгі жылдары екі ел арасындағы рухани-мәдени байланыс нығая түскен.   Сондықтан көрмеде Қазақстан-Германия және халықаралық байланыстарды дамыту көрiнiсi ерекше орын алған.

Елімізде құрылған  неміс мәдени  қоғамдық бiрлестiктерінің  атқарып жатқан жұмыстары және  жетiстiктерімен  де осы шарадан танысуға болады.  Көрмені ұйымдастырушылар жыл бойы дайындалғанын айтады. Деректі құжаттармен фотоларды іздестіру үшін мемлекеттік мұрағаттар көмегіне де жүгінген.

 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Қарағандыда «Тәуелсіздік келісім. Болашағы біртұтас ұлт» деген атаумен дөңгелек үстел өтті
19:57, 29 сәуір 2016
Қарағандыда «Тәуелсіздік келісім. Болашағы біртұтас ұлт» дег...
Толығырақ...
Этно мәдени бірлестік өкілдері Гоголь атындағы кітапханада бас қос
23:15, 20 сәуір 2016
Этно мәдени бірлестік өкілдері Гоголь атындағы кітапханада б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар