ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағандыда «Тәуелсіздік келісім. Болашағы біртұтас ұлт» деген атаумен дөңгелек үстел өтті

19:57, 29 сәуір 2016

Бәсі биік басқосу Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арнап орайластырылды.Тұтас татулықты паш еткен жиынға этнобірлестік және дін өкілдері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.Тараптар жуырда қабылғанданған «Мәңгілік ел» актісі жөнінде ой бөлісіп, әңгіме өрбітті.

Алдымен дөңгелек үстелге жиналғандар Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма төртінші сессиясында айтылған мақсат, межелерге егже-тегжейлі тоқталды. Мәңгілік ел актісі елімізді ұлы мұраттарға жетелейді. Ерекшелігі құнды құжатты өзге емес, жастар жазған. Бірлікті берік ұстанған жас буынның арманы асқақ, мүддесі ортақ. Ал президенттің парсатты пайымы мен  сындарлы саясатының арқасында мемлекетіміз  төрткүл дүниеге танылды.Нәтиежесінде экономикасы  қуатты, болашағы шуақты Қазақстанды шетелдік сарапшылар мойындады.  Бес институционалдық реформа 100 нақты қадамды  жұмыла жүзеге асыру керектігін де қатысушылар назардан тыс қалдырмады. Зайырлы қоғамда күллі ұлт пен ұлыстың салт- дәстүрін дәріптеу,бауырлас ағайынға құрметпен қарау, адамгершіліктің негізгі белгісі. Түрлі конфессия өкілдері тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелуде. Қарағанды облысында 78 этномәдени бірлестік пен 40-тан астам конфессия өкілдері бар. Аймағымызда 5 мыңнан астам әзербайжан халқы тұрады. Олардың дені құрылыс пен шағын және орта бизнес саласында жемісті еңбек етеді. Заманның заңғар тұлғасы ұлт көшбасының Қазақстанды өрге домалату жолындағы тірлігі толымды, басталары бағымды дейді этно бірлестік өкілдері. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма төртінші сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев атап өткен тиісті тапсырламаларды тараптар салмақпен сезінеді, бірауыздан қолдайды. Өйткені біздің ел қиын қыстау заманда 130 астам ұлыстарға пана болғаны әмбеге аян.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Этно мәдени бірлестік өкілдері Гоголь атындағы кітапханада бас қос
23:15, 20 сәуір 2016
Этно мәдени бірлестік өкілдері Гоголь атындағы кітапханада б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар