ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Этно мәдени бірлестік өкілдері Гоголь атындағы кітапханада бас қос

23:15, 20 сәуір 2016

Біздің күшіміз – бірлікте. Гоголь атындағы кітапханаға жиналған этно бірлестіктер өкілдерінің ұраны осындай. Жастар өзге ұлттардың салт-дәстүрін, мәдениетін құрметтесе еліміздің бірлігі бекем болады деп санайды олар

Этно мәдени бірлестік өкілдері Гоголь атындағы кітапханада бас қосуды дәстүрге айналдырған. Әсіресе Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында осындай кездесулер жиі ұйымдастырылады. Мақсаты айқын. Жастар арасында әр этностың мәдениетін, салт-дәстүрін дәріптеу.  Дәлірек айтсақ, рухани ордада колледж студенттерімен поляк, румын, неміс, украин, кәріс, түрік, татар-башқұрт мәдени орталықтарының өкілдері  әңгімелесті. Қазақстанды тек бірліктің арқасында мәңгілік елге айналдыра аламыз  деп сенеді олар.  Бұдан бөлек, кітапханада тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы Елбасының рөлі, Қазақстан Ассамблеясының дамуы туралы кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Қарағандыда «Тәуелсіздік келісім. Болашағы біртұтас ұлт» деген атаумен дөңгелек үстел өтті
19:57, 29 сәуір 2016
Қарағандыда «Тәуелсіздік келісім. Болашағы біртұтас ұлт» дег...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар