ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағандыдағы М.Әуезов атындағы кітапхана қызметкерлері «Бабалар ерлігі - ұрпаққа мұра» деген шара ұйымдастырды

17:21, 8 мамыр 2015

Осылайша қарағандылық кітапханашылар Мәскеудегі Лев Толстой атындағы кітапханамен онлайн кездесу өткізді. Оған екі елдің соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері және ЖОО студенттері қатысты

Қарағандылық Серафима Пономарева Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері. Ол  44-ші жылы Брест госпиталінде  медициналық статист және аудармашы болып қызмет атқарды. Екінші дүниежүзілік соғыстың 1-ші және 2-ші дәрежелі төсбелгілерімен, «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «маршал Жуков», «Екінші дүниежүзілік соғыстағы  жеңісі үшін»  медальдарымен марапатталған ардагер Жеңіс тойы алдында мәскеулік өзі сияқты қариялармен  онлайн кездесіп, дидарласқанына риза. Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 70 жылдығына орай,  ұйымдастырылған онлайн кездесуге  мәскеулік және қарағандылық  Екінші дүниежүзілік соғыс ардегерлері, тыл еңбеккерлері мен жоғары оқу орындарының студент  жастары шақырылыпты. Әуезов атындағы кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған онлайн жүздесу арқылы Қазақстан мен Ресей елдерінің  ардагерлері бір-бірімен жақынырақ  танысып, тарихтан  сыр шертіп,  өткен күндерін еске алып тарқасты.

 

Райхан ӘБІЛҚАСОВА

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
18:14, 9 қараша 2015
Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
Толығырақ...
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешовке Ресейде ескерткіш тақта қойылды
15:33, 29 мамыр 2015
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешо...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...