ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағандыда шахталарда ауыр еңбек атқарған ардагерлерге «Қөмір өнеркәсібінің құрметті еңбеккері» төсбелгісі тапсырылды

15:21, 8 мамыр 2015

«Арселлор Миттал Теміртау» компаниясы осылайша Екінші дүние жүзілік соғыс ардагерлеріне ерліктері үшін алғыстарын жеткізіп, сый-сияпат жасады

Көмір департаментінің мамандары ардагерлермен бір дастархан басында басқосты. Олар майдангерлерге жүрекжарды алғыс лебіздерін білдіріп, тарту-таралғы жасады. Ал, кеуделерін отқа тосқан батыр  аталарымыз сонау 40-шы жылдардың қиындығы мен зардабын еске алды.

Ардагер Иван Щербинин соғысқа аттанған кезде  небәрі 17 жастағы бозбала еді. Бейбіт жылдары  көмір департаментінде еңбек еткен. 30 жылдан астам жүк көтергіш техниканың жүргізушісі болған.

Бүгінгі таңда  «АрселорМиттал Теміртау» 52 соғыс  ардагерін өз қамқорлығына алған. Олар мерекелердің барлығында да  компания тарапынан назарсыз қалмайды, әлеуметтік сала бойынша  және келісімшартта көрсетілген барлық  жеңілдіктерге ие.

 

Райхан ӘБІЛҚАСОВА

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
18:14, 9 қараша 2015
Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
Толығырақ...
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешовке Ресейде ескерткіш тақта қойылды
15:33, 29 мамыр 2015
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешо...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...