ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«Ерліктің даңқы мәңгілік» деген атаумен Қарағанды қаласында дарынды жастар фестивалі өтті

16:53, 6 мамыр 2015

Бір сахнада аймақтағы білім ордаларының студенттері бас қосып, екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне айрықша көңіл күй сыйлады

Ұлы жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған бұл кешті колледж студенттері ұйымдастырып отыр. Мерекелік шарада майдан жылдарында жазылған және патриоттық тақырыптағы заманауи әндер шырқалды. Жастар отты жылдарды ойға оралтатын өлеңдерді нақышына келтіре оқыды.

Жеңіс солдаттарының ерен ерлігі мен есімдері қашанда ел есінде. Сахнадағы қойылымдардан қарша бораған оқтың ортасында жанын шүберекке түйіп, фашистерге қарсы соғысқан батыр бабалардың ержүректілігін байқайсыз. Отанын жаудан азат еткен   ардагерлердің  кеудесіндегі жарқырағандар медальдар мен жүздеріндегі шаттық  бүгінгі жеңісті күннің жемісі іспеттес.

Облыста мұндай   фестивальдің түндігі  алғаш рет түрілуде. Игілікті шарада өнерпаздар   көрермендерді күміс көмей дауыстарымен тамсандырды. Қатысушылардың   киімдері мен көркем билері келісіп тұр. Байқауда облыстың бес коллежджінің студенттері талантымен таңдай қақтырды.Ұйымдастырушылар фестивальді келешекте  дәсүрлі түрде өткізуді қолға алмақ ниетте.

 

Жанбота РАХМЕТУЛЛА

 

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
18:14, 9 қараша 2015
Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
Толығырақ...
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешовке Ресейде ескерткіш тақта қойылды
15:33, 29 мамыр 2015
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешо...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...