Полиция қызметкерлері ардагерлерді құттықтап, үлкен концерт ұйымдастырған
Ізгілікті шара қызмет барысында қаза болған полицейлер ескерткіші алдына гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Құрметті қонақтар қатарында ішкі істер органдарының ардагерлері. Отан қорғаушылар күні мен Ұлы жеңістің 70 жылдығы қарсаңында бар қошемет пен құрмет осы майталмандарға көрсетілді.
Дәстүрге сай бұл күні ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен еңбегімен еленген қызметкерлер арнайы наградалармен марапатталды.
Салтанатты жиында сондай-ақ құқыққорғаушылар Жеңістің 70 жылдығына арналған концертте өнер көрсетті. Театрландырылған көріністе олар Ұлы Отан соғысындағы елеулі оқиғаларды сахыналады.
Неміс басқыншыларының шабуылдары, кеңес әскерінің тойтарыс беруі, жеңіс солдаттарының ерлігі мен соғыс жылдарында майдангерлерге рух берген өлеңдер жиналғандарға ұмытылмас әсер сыйлады. Көпшілік 1945 жылдың 9 мамырындағы Маршал Жуков бастаған салтанатты шеруді тамашалауға мүмкіндік алды.
Шара соңында ардагерлер дәстүрлі әскери тағамдар даярланған дастарханда бас қосты.
Асылбек ТОЙБЕК