ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Жеңіс күні қарсаңында Қарағанды облысы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Ұлы Отан соғысының 50 ардагерін ұлықтап, құрмет көрсетті

18:09, 5 мамыр 2015

Майдангерлер үшін мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама қойылды

Бүгінгі таңда облысымызда  Ұлы отан соғысының 340  ардагері  қалған.  Денсаулықтары сыр берген соң, Жеңіс күні алдында арнайы жайылған мерекелік дастарханға ардагер аталарымыздың барлығы келе алмады. Себебі, Жеңіс сарбаздарының барлығы тоқсанның төрінде бүгінде.  Жергілікті билік өкілдері ардагерлерге арнап мерекелік дастархан жайды. Аймақ басшысы жеңіс солдаттарын келе жатқан 70 жылдық мерейтоймен құттықтады. Ел Президентінің жарлығына сәйкес,  біздің ержүрек ардагерлеріміз де мемлекет алдындағы межелі міндетті мүлтіксіз орындап,  қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін және Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы  мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Сондай-ақ, Нұрмұхамбет Әбдібеков  оларға «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгілерін  табыстады.

Райхан ӘБІЛҚАСОВА

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
18:14, 9 қараша 2015
Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
Толығырақ...
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешовке Ресейде ескерткіш тақта қойылды
15:33, 29 мамыр 2015
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешо...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар