ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «Қазақмыс» корпорациясы соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетуде

15:23, 5 мамыр 2015

Алып компания құрмет көрсеткен ардагерлер қатарында жеңіс солдаты Сергей Ляхов та бар

Ардагердің төсінде Ұлы Отан соғысының екінші деңгейлі ордені, «Маршал  Жуков» төсбелгісі және  мерейтойлық медальдар жарқырайды. Сергей Ляхов  отан үшін қан майданда қасық қаны қалғанша шайқасып қана қоймай, бейбіт жылдары тынымсыз еңбек еткен. Ол 30 жылға жуық Қарағанды кірпіш зауытында еңбек етті. Кейін «Қазақмыс» корпорациясының қарамағындағы зауытта 10 жыл тер төккен.

Сұрапыл соғыс жылдары ардагердің жадында жаңғырып тұр. Алайда қиын қыстау уақыт болғанын айтып күрсінді. 18 жасында фронтқа жіберіліп, Смоленск облысы, Драгобуш түбінде партизан болғанын баяндады. Соғыстан 1947жылы аман-есен оралып, Қарағанды қаласына келеді.

93 жасқа толған ардагер бүгінде немере-шөбере сүйіп отырған бақытты ата. Ол  естелік суреттерін қарап, немерелерімен әңгіме-дүкен құрғанды ұнатады. Ол қзінің Жеңістің 70 жылдығын көргеніне шексіз қуанышты, осы күнге жете алмаған майдандастарын еске алып, олардың рухына дұға жасап отыратынын айтады.

Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға ардагер де  шақырылды. Биылғы жылы «Қазақмыс» Корпорациясы соғыс және тыл ардагерлеріне соғыс мүгедектеріне, қайтыс болғандардың отбасына жаппай әлеуметтік көмек көрсетуде.

 

Райхан ӘБІЛҚАСОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
18:14, 9 қараша 2015
Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
Толығырақ...
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешовке Ресейде ескерткіш тақта қойылды
15:33, 29 мамыр 2015
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешо...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...