ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Жеңіс тұлғалары» атты фото және сурет көрмесі ұйымдастырылды

17:05, 4 мамыр 2015

Сарғайған суреттердегі ерліктің қайталанбас үлгісін көрсеткен кешегі майдангерлер бейнесі айбынды тірліктен терең сыр шертеді

Сұм соғыста халқымыз талай тауқыметті бастан өткергені белгілі. Жыл өткен сайын қариялардың қатары да азайып бара жатыр. Отанымызды жаудан қорғаған ерлердің ерен ерлігі ұрпақ жадынан ешқашан  ұмтылмайтыны анық. Мұражайда өткізілген осынау игілікті  шара да соның бір дәлелі. Фото және сурет көрмесіндегі туындылардан  тыл және екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің кескін –келбетін танисыз. Барлығы қарағандылық қылқалам шеберлерінің жетпіс  тың туындысы  көрермен назарына ұсынылды. Көрмеге келушілердің қатарында ардагерлер жетіп артылады. Портреттердің арасынан  майдангер Николай Рассказимов та өз суретін көргеніне дән риза. Қазыналы қарт сұрапыл сәттердегі естеліктерін былайша жеткізді. Суретші Евгений Ким 44 батырдың тағдырын бір картинаға сыйдырыпты. Облыстық суретшілер одағының мүшесі бұл бірегей еңбегін салып шығуға 4 ай уақыт жұмсапты. Бұл туынды қылқалам шеберінің маңдайалды картинасы. Көрмеде Кеңес одағының батырлары және Даңқ орденінің толық кавалерінің бейнелері де көзге оттай басылады. Қабырғада қасқайып ілініп тұрған майдангерлердің суреттері терең ойға шомдырмай қоймайды. Өйткені ардақты ардагерлер қан майданда бүгінгі бейбіт өмір үшін қан мен тер төгіп,  антына адал бола білді, біз оларды мәңгі құрмет тұтуға тиістіміз дейді ұйымдастырушылар.

Жанбота РАХМЕТУЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
18:14, 9 қараша 2015
Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
Толығырақ...
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешовке Ресейде ескерткіш тақта қойылды
15:33, 29 мамыр 2015
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешо...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар