ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Абай аудынында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне көмек акциясы бастау алды

17:02, 4 мамыр 2015

Бүгінде майдангерлердің пәтерлеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Абай ауданында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан он бес қана ардагер қалды. Жергілікті билік батырларына үлкен назар аударып, барынша қамқорлық көрсетуде. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ардагерлердің пәтерлеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол іс-шараны атқаруда аудандағы кәсіпорындар да қолұшын беруде.

Аманбек Төлепбергенов үшін биылғы жыл ерекше. Жылдың басында 90 жылдық мерейтойын тойлаған батыр, енді санаулы күндерден кейін мерекеленетін Жеңістің 70 жылдығын қарсы алуға қызу дайындалып жатыр. Ол майдандағы ерлігі үшін бірнеше орден медальдармен марапатталған.

Соғыстан кейін Аманбек Төлепбергенов Қарағандыға келіп, «Қарағанды-сұрыптау» станциясында еңбек етті. Акцияға қатысушылар ардагердің үйінің сыртқы есігін орнатты. Балконын қаптап, әктеу , әрлеу жұмыстарын жүргізді.

Ардагер Иван Лысенконың пәтері де назардан тыс қалмады. Оған да жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Ал, Иван Макаров тұратын пәтердің төбесін әктеп, қабырғаларына түсқағаздар жапсырылды. Сонымен қатар кент жастары саябақтар мен көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізді. Алтыншы мамырда Топарда мерекелік қабылдау өткізіледі.

Аудандық әкімдік сайтында ардагерлерге қажетті керек-жарақтың тізімі көрсетілген. Ниет еткен жанның барлығы да онымен танысып, қолынан келгенінше батырларға көмектесе алады.

 

Лейла НҰРҒАЛИЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
18:14, 9 қараша 2015
Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
Толығырақ...
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешовке Ресейде ескерткіш тақта қойылды
15:33, 29 мамыр 2015
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешо...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар