ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қазақстандық майдангерлердің туған-туыстарынан құралған экспедиция бауырластар зиратына тағзым етті

18:07, 30 сәуір 2015

Демян ауданының маңында Екінші Дүниежүзілік соғыста қаза тапқан 91 жауынгердің қабірінің басына түрлі ескерткіш белгілер орнатылған. 1941-43 жылдары ауданды жаудан тазарту кезінде мұнда екі жүз мыңға жуық адам қаза тапқан. Олардың арасында қазақстандық солдаттар да бар

Ұрыста қаза тапқан солдаттарды еске алу үшін Демян ауданына Жезқазғаннан экспедиция барды. Олар жауынгерлер жерленген зиратта болып, марқұмдардың бастарына Қазақстанның көк туын  тікті. 

Экспедицияға Жезқазған қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы өлкетану мұражайының директоры жетекшілік етті. Жауынгерлер жерленген жерді жезқазғандықтар ғаламтор арқылы іздеп тапқан. Іздеу шаралары барысында  осында жерленген 20 дан астам майдангердің туыстары табылды.  Демяндағы ират басына барып қайту үшін экспедицияға «Қазақмыс» қаржылық көмек көрсетті.

Күләш Бейсекееваның әкесі Өмірбек Оспанов қызының 2 айлық кезінде соғысқа аттанған. Жөргекте қалған қызы,  майданнан оралмаған әкесін өмір бойы іздеумен, күтумен болды.  

Ресейге Нұржамал Әбсалықова да барды. Ол қайын атасы Смағұл Мұңсызбаевты іздеумен болған еді. Жақында ғана батырдың осы елде қаза тапқаны мәлім болды.

Демянск ауданында өткен шайқас оңайға соқпады. Талай жанның өмірі қыршыннан қиылып, қаншама адамның қаны төгілді. Сондықтан жыл сайын мұнда кеңес құрамында болған мемлекеттерден бейхабар кеткен ардагерлерді іздеушілер жиналады.

Ресейлік іздеушілер кездесу барысында Қаныш Сәтбаев атындағы мұражайға кеңес әскерлерінің каскасын, оқ салатын қалтаны, әскердің темір күрішкесін, таға мен найзаларды сыйға тартты. Бұл жәдігерлер мұражай төрінен орын алатын болады.

 

Лейла НҰРҒАЛИЕВА 

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
18:14, 9 қараша 2015
Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
Толығырақ...
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешовке Ресейде ескерткіш тақта қойылды
15:33, 29 мамыр 2015
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешо...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...